Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Петропавлда «Астана арландары» жеңіске жетті

28.03.2016

Петропавлда «Астана арландары» жеңіске жетті

28-03-2016-boks

      «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубы Бүкіләлемдік бокс сериясының алтыншы маусымдағы кезекті жекпе-жегін Петропавл қаласында өткізіп, мұхит асып келген Puerto-Rico Hurricanes командасымен қолғап түйістірді. 

      БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында команданың бас директоры, Лондон Олимпиадасының чемпионы, баркер кубогының иегері Серік Сәпиев маусымаралық үзілісте команда құрамына өзгерістер енгенін жеткізді. Бас бапкерліктің тізгіні Республиканың еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековке сеніп тапсырылған. Осында ел намысын абыроймен қорғап жүрген ұлттық команданың көшбасшы боксшылары Рио-де Жанейрода күтіп тұрған Олимпиадаға тас-түйін дайындыққа қызу кіріскендіктен, жаңа құрамаға 30 боксшы қабылданып, болашағынан мол үміт күттіретін жастармен толыққан. 2010 жылы алғаш рет тұсауы кесілген жобаға биыл бірқатар түзетулер жасалыпты. Атап айтқанда, Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында жарысқа қатысуға ниет білдірген 16 команда төрт топта күш сынасады. Ереже бойынша әр топтан суырылып шыққан екі команда жарыстың ширек финалына қосылады. Топтық бәсекенің жекпе-жектері айналмалы жүйемен өтеді. Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Пуэрто-Рика командалары «Д» тобында жұдырықтасады.

      Байрақты бәсекенің ашылу салтанатында аймақ басшысы Ерік Сұлтанов сөз сөйлеп, қадірлі меймандар мен жиналғандарды айтулы спорт мерекесінің басталуымен құттықтады. Жерлестерімізге жарқын жеңіс тіледі.

      Аталған бокс сериясының екі мәрте жеңімпазы астаналықтардың шешуші айқасқа тыңғылықты әзірлікпен келгені бірден байқалды. Олай дейтініміз, 23 қаңтарда шымылдығы ашылған байрақты бәсекенің алғашқы ойынында күшті командалардың бірі Әзербайжанның «Баку оттарын» тізе бүктіргенмен, додада бірінші рет өнер көрсеткен өзбек құрамасына есе жіберіп алған болатын. Осы жолы жеңіске жетсе, плей-офф турниріне жолдама алмақ.

     Шаршы алаңға бірінші болып 49 салмақ дәрежесі бойынша Мардан Берікбаев пен Джон Ортис көтерілді. Қарсыласынан бойы да, қолы да ұзындау қазақстандық осы артықшылығын пайдаланып, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Эдгардо Оскар Ролон Вареламен (56 кг.) қолғап түйістірген Нұрсұлтан Көшеғұлов айқын басымдық танытты. Янкарлос Ривьераның (64 кг.) келмеуі себепті команда капитаны Самат Бәшеновтың еншісіне бір ұпай бұйырды. Әбілхан Аманқұл (75 кг.) Раул Санчес Мартенің осал тұсын тапты. Еркін Мұхамеджанның (91 кг.) атан түйені жалп еткізетіндей күрзі соққысы Иван Хоэл Росадо Торресты екі рет нокдаунға түсіріп, ойын тоқтатылды.

     Жалпы есеп 5:0 болып, арландықтардың пайдасына шешілді.

    Кезекті жекпе-жек 2 сәуірде Өскеменде Өзбекстанның Uzbek Tigers командасына қарсы өтеді.

       Өмір Есқали. http://egemen.kz/2016/03/28/31517

          Дерек, фото: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті