Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ақсу қаласының тұрғыны шайдың 50-ге жуық түрін демдейді

30.03.2016

Ақсу қаласының тұрғыны шайдың 50-ге жуық түрін демдейді

     Шайдың отаны болып саналатын Қытай елінен қоныс аударған Меруерт Сүлеймен аталмыш сусынның 50-ге жуық түрін демдейді. Оның ішінде қалампыр, қаймақ, құрт, иісті сары май, талқан, тары, бидай, бұрыш, сорпа, уыз, сүт, жалбыз қосылған және шала қайнаған, шөп, қара, қызыл, тағы басқа түрлері бар, деп хабарлайды рavlodarnews.kz тілшісі.
       Шай демдеудің өзіндік ерекшеліктері болады. Шығыстың шай шығару дәстүрі бойынша пайдалы қасиеттері жағынан бұл сусынды жыл мезгіліне байланысты дұрыс пайдаланған жөн. Мәселен, адам ағзасы әлсірейтін көктемде ішетін уыз шайының дайындалуына келетін болсақ, малдың уызын қайнатпастан шайға құю керек. Мұндай шай адамның бойын сергітіп, қуат береді және шөлді қандырады. Сондай-ақ жаңа босанған аналар үшін сәбиіне емізетін сүт болмаған жағдайда талқан және бидай қосылған шай беріледі, - дейді М. Сүлеймен. Оның айтуынша, Ертіс өңірінде кездесетін қалампыр және жалбыз сияқты өсімдіктерді шайға қолдануға болады. Шайдың тағы бір түрі — сары шай өте сирек кездеседі және бағасы да жоғары. Бір ғана жерде, яғни Хунань провинциясының Дунтиху өзені ортасындағы аралда өседі. Өте қатқыл, әсері күшті. Адам қуатын тез арада қалпына келтіреді. Меруерт Сүлеймен отбасымен бірге 2015 жылы қараша айында Қытай елінің Шыңжан Ұйғыр автономиялық өлкесінің Баркөл ауданынан Ақсу қаласына көшіп келген. Бұдан басқа, ісмерлік өнерді меңгерген ол түрлі ою ойып, киім тігеді. Жолдасына талдан бесік жасау үшін үлгісін өзі сызып, киіз үйдің жабдықтарын жетік біледі.      

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті