Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақ суретшісі Ресей астанасында көрмесін өткізді

31.03.2016

Қазақ суретшісі Ресей астанасында көрмесін өткізді

   Мәскеудегі Ұлттар үйінде суретші Нұрлан Әбішевтің кескіндеме мен графикаға арналған «Сыр-шертпе» атты жеке көрмесі өткізілді. Оған қылқалам шеберінің төл туындылары қойылды. Бұлардың қатарында оның Нью-Йорктегі «Құлпырған көктем» байқауында үздік шыққан суреттері де болды.

      – Мен өз шығармаларым арқылы қазақ халқының ішкі әлемін, рухын, адам­гершілігін толық ашып көрсетуге тырыстым. Ал тұңғыш қызым дүниеге келгенде қалаға басқаша көзбен қарадым. Бұл көз­қарасым тағы 200 туын­дыға айналды. Екінші қызым өмірге келгенде өз көркемдік стилімді қалып­тастырдым. Қазір өз базамды, тұғырнамамды жасаудамын. Жақын арада оны да таныстырамын, – деді суретші көрмеде.

     Айта кетейік, ре­сей­ліктер Нұрлан Әбі­шев­­тің шабытынан туған т­уындыларға қызы­ғу­шылық танытты. Ма­мандар тарапынан оның шеберлігіне жоғары баға да берілді.

       – Графика бұл, әрине, суретшінің ең мықты жұ­мысы деп айтуға болады. Халықтың аңыз, ертегісі – бәрі топтастырылған мұн­да. Өте қызықты, біздің қызметкерлер де, қонақтар да шығармашылық туын­дыларға таңғалды, – деді Мәскеу Ұлттар үйінің қыз­меткері Ольга Карелина.

      Бүгінде суретшінің туын­дылары еуропалықтарды да қызықтырып отыр. Сон­дық­тан, ол жеке көрмесін енді алыс шетелдерде өткізуді жоспарлап отыр.

           Жомарт ҚАЙРАТҰЛЫ.

          http://egemen.kz/2016/03/31/32121

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті