Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған олимпиада өтті

31.03.2016

Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған олимпиада өтті

      Биылғы 2016 жыл – Алаш қозғалысының жетекшісі, қоғам қайраткері, көсемсөзші Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы.  Бүкіләлемдік дара тұлға деп танылған Алаш қайраткерінің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде, яғни бүкіл әлем бойынша тойланатын болды. Бұл туралы ЮНЕСКО-ның 18 қарашада Парижде аяқталған Бас конференциясының 38-ші сессиясында жария етілген болатын. 30 наурыз күні атаулы датаға орай Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Алматы қаласы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы  ҚР Тәуелсіздігінің  25 жылдық  мерейтойы мен Алаш көсемі  Әлихан  Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған «Алаш арыстары: қоғамдық саяси қызметі мен тәуелсіздік мұраттары» атты интеллектуалды олимпиада болып өтті.

     Студенттер интеллектуалды олимпиадада бес бағыт бойынша («Таныстыру», «Ұяшықтар құпиясы», «Бейне сұрақ», «Алтын қақпа», «Ой толғау») білімдерін сарапқа салды. Бірінші сайыста өздерін таныстырып өткен командалар, екінші кезеңде «Мемлекеттік басқару», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан», «Алаш қозғалысы», «Кемеңгер тұлғалардың өмірі мен қызметі» деген тақырыптарға арналған сұрақтар бойынша бақ сынасты.  «Бейне сұрақ» бөлімінде елімізге белгілі тарихшы мамандардың Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-саяси қызметі, Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметінің құрылу тарихы, ел рәміздері мен қазақ тарихына байланысты  бейнесауалдарға жауап берді. «Алтын қақпа» сайысында Президент, Үкімет, автономия, демократия, құқық, ұлт, мәдениет және т.б.сөздердің мән-мағынасын қазақ және ағылшын тілдерінде түсіндіріп сынға түссе,  «Ой толғау» сайысында жәшікте жасырынған заттарды тапты. Барлық айналым сұрақтарының дені Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-саяси қызметі мен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық тарихының негізгі кезеңдеріне арналды. Жастар ойын барысында білімдерінің жоғары деңгейде екендігін көрсетіп қана қоймай, ел тарихын, түрлі өнерді бойына жыйған Алаш көсемінің өмірі мен дарын иесінің сан қырлы қызметін жақсы білетіндіктерін танытты.

     Қатысушылардың білімдері мен біліктіліктеріне Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директор орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Светлана Смағұлова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әділхан Құдайбергенов,  Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының PhD докторанты Рысбек Омарбаев қазылық жасады.

         Олимпиаданың қорытындысы бойынша І орынды Тұран университетінің «Тұран» тобы иеленді. ІІ орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Алаш Орда» тобы ие болды. ІІІ екі орын С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Ұлы  дала» тобы мен  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Болашақ» тобына бұйырды. Жеңімпаздардың барлығы дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Ал, топтарды дайындағын жетекшілерге алғыс хаттар табыс етілді.

         «Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында. Ал, бүгінгідей Жаһандану заманында өзіндік болмысымызбен төл тарихымыздан ажырамасақ қана ірі табыстарға жете алатынымыз сөзсіз. Сондықтан да,  жас ұрпақтың санасында өз еліне деген мақтаныш пен патриоттық сезімді қалыптастыруды әрдайым біздің ұжым назарда ұстап келеді. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл іс-шара да осы мақсатқа жұмылдырылған», деді шараның ұйымдастырушысы, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Айнагүл Қайыпбаева.

      «Қыздар университеті» медиа орталығы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті