Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Венада «Наурыз» мерекесіне арналған «Қазақстанның көркі - Ұлы Даланың күйлері» атты жобаның концерті өтті

01.04.2016

Венада «Наурыз» мерекесіне арналған «Қазақстанның көркі - Ұлы Даланың күйлері» атты жобаның концерті өтті

    

     Венадағы  «Музыка және театр» концерттік залында Қазақстаннфың халық әртісі Айман Мұсақожаеваның жетекшілігімен Астана қаласының Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттік ұжымының қатысуымен осы жылы алғаш рет «Қазақстанның көркі - Ұлы Даланың күйлері» жобасы аясындағы концерт өтті. Осы концерт көктем мен жаңарудың мерекесі - «Наурызға» ұштастырылды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

        Венада «Наурыз» мерекесіне арналған «Қазақстанның көркі - Ұлы Даланың күйлері» атты жобаның концерті өтті

         Іс-шараға Аустрияның Парламенті мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Венада аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, халықаралық ұйымдардың басқарушылары, Қазақстанның құрметті консулдары, аустриялық-қазақстандық қоғам мүшелері, қоғамдық-саяси және  іскерлік топтары, қазақ диаспорасының өкілдері, сонымен қатар қазақстандық және аустриялық БАҚ журналистері қатысты.

      «Қазақстанның көркі» атты жобаның басты мақсаты - Аустрияда қазақстандық бай мәдениеттің көпшілікке таратылуы. Қазақстанның әйгілі өнер қайраткерлері, сонымен бірге аустриялық музыкалық оқу орындарында оқып, Аустрияның сахналарына шығатын жас дарынды қазақстандық музыканттар жобаны жүзеге асыруға қатысты.

        Мерекелік іс-шараның ашылуында ҚР Елшісі Қайрат Сарыбай өзінің алғы сөзінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Грац, Зальцбург, Брегенц қалаларында отандық жас орындаушылардың камералы концерті жоспарланғанын, сонымен қатар Филлахта жылдағы жаз фестивальде фольклорлы ұжымның қатысуы күтілуде екенін атап өтті. Музыкалық мәдениеттің дүниежүзілік орталығы болып саналатын Венада, сондай-ақ Аустрияның басқа да ірі қалаларында концерттердің өтілуі еуропалық жұртшылығына Қазақстанның мәдени әралуандығы жайлы көбірек тануға мүмкіндігін береді.

           Веналық көрермені қазақстандық жас әртістердің шеберлігін, олардың өнерлерін үздіксіз қол шапалақтау, гүлдермен қошаметтеп, ризашылықпен қол соқты. Концерттік бағдарламада ҚазҰӨУ-нің халық аспаптары оркестрі мен хореографиялық  труппаның шығармашылығы ұсынылды.

      http://www.inform.kz/kaz/article/2887761

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті