Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақ балалар баспасөзі жаңа музыкалық-танымдық журналмен толықты

01.04.2016

Қазақ балалар баспасөзі жаңа музыкалық-танымдық журналмен толықты

     Алматыда 1 сәуір күні ҚР Ұлттық кітапханасында «Әнші болғым келеді» деп аталатын балаларға арналған республикалық музыкалық-танымдық журналдың тұсаукесері өтті.

      «Өздеріңізге белгілі «Әнші болғым келеді» телевизиялық бағдарламасы  2002 жылы наурыз айында «Оңтүстік Астана» телеарнасында тұсауын кескен болатын. Сол кезде алдыма қойған мақсатымнан айнымай әлі күнге дейін балалар шығармашылығын насихаттаумен айналысып келе жатырмын деп айта алам. Жасыратыны жоқ елімізде насихаты аз болуына байланысты балалар әндерінің таралуы кем түсіп жатыр. Биыл біздің «Әнші болғым келедінің» 15 жылдық мерейтойы. Бұл бағдарлама аясында дүниеге келген мыңнан астам ән бар екен. Елімізде балаларға арналған түрлі танымдық журналдар бар. Алайда онда бір ғана әннің нотасы беріледі. Біздің журналдың олардан басты айырмашылығы мұнда белгілі бір композитордың әндері нотасымен және үнтаспасымен бірге беріледі. Оны балалар оқып, танысып ғана қоймай үнтаспасына қосылып, айтып үйренуіне мүмкіндік жасалған»,  –  журнал құрыылтайшы болып саналатын «Әнші болғым келеді» продюсерлік орталығының Бас директоры Алтын Маханбетова.    

    Алғашқы нөмірі 5 мың данамен жарық көрген бұл журналдың Бас редакторы  Қаншайым Байдәулет. Онда  композитор, «Құрмет» орденінің иегері Бейбіт Оралұлының «Балалар әні продюсерлердің арқасында дамып келеді» деген сұхбаты мен  «Шөмішбай Сариевтің өлеңіне жазылған «Толғау», «Жаңа толқын, жас ұрпақ» және Ғалым Жайлыбайдың өлеңіне  жазылған «Қайырлы таң, Қазақ елі!» әндерінің сөзі мен нотасы берілген. Сондай-ақ Алтын Маханбетованың «Әнгші болғым келеді» (өлеңі И.Исаев), «Гүл – көбелек», «Әдемі» (өлеңі А.Асылбек), «Мен қазақтың қызымын» (өлеңі Е.Әлікеев), «Балалық шақ» (өлеңі Ж.Қалжанова) әндерінің де сөзі мен нотасы бар. Бұдан бөлек «Жауқазын», «Қаламгер қоржыны», «Таным мен тағылым»,  «Тәлімгер тәжірибесі», «Өнерпаздар өмірі», «Ақжолтай» айдарларымен берілген түрлі материалдар бар.

         Ерлік Ержанұлы 

Пікір қосу

Пікірлер

25.01.2017 - Муханбеталиева Айжан
Салематсыз ба! Бұл журналды қайдан сатып алуға болады? Жаздырып үлгере алмай қалдым

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті