Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстанның 25 жылдығына орай балалар әндеріне байқау жарияланды

04.04.2016

Қазақстанның 25 жылдығына орай балалар әндеріне байқау жарияланды

   

    «Әнші болғым келеді» журналы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай балалар әндеріне байқау жариялады.

     Байқаудың мақсаты: балаларға арналған жаңа әндерді жарыққа шығару; музыкалық туындылар арқылы өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру; ақын-композиторлардың шығармашылығына қолдау көрсету.

    Байқаудың шарттары: байқауға әртүрлі жастағы отандық композиторлар қатыса алады; туынды баланың таным-түсінігіне, вокалдық мүмкіндігіне сәйкес болуы тиіс; әр үміткер 1 ән ғана жібере алады; ән аудиожазба нұсқасында қабылданады; кәсіби өңделуге мән беріледі.

      Жүлде қоры: Бас жүлде – 300 мың теңге. 1-3 орын алған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталады.

     Жеңімпаздарды марапаттау: үміткерлер әндерін 2017 жылдың 10 наурызына дейін жіберуі қажет. Жүлдегер 2017 жылдың Наурыз мерекесі қарсаңында «Әнші болғым келеді» журналының 1 жылдық салтанатты кешінде марапатталады.

      Журналдың мекен-жайы: Алматы қаласы, Гоголь көшесі 165-үй,                         тел.: +7 /727/ 233-46-58, +7 702 377 75 26, +7 777 206 96 65.                               Электрондық поштасы: abk_jurnal@mail.ru.

     "Әнші болғым келеді" балаларға арналған республикалық музыкалық-танымдық журналының құрылтайшысы "Әнші болғым келеді" продюсерлік орталығы. Бас директоры Алтын Маханбетова, Бас редакторы Қаншайым Байдаулет.

     Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті