Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Сербтер қазақтың ән-күйлерін тыңдады

05.04.2016

Сербтер қазақтың ән-күйлерін тыңдады

 
          1 сәуірде Белград қаласында Сербиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университеті халық аспаптары ансамблінің концерті өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

     Мәдени шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Наурыз» мейрамына орайластырылды.

     Сербия-Қазақстан Парламенттік достық тобының мүшесі Драгомир Карич концертті ашу салтанатында сөйлеген сөзінде Белград тұрғындары үшін Ұлы дала композиторлары мен ақындарының шығармаларымен, сондай-ақ ұлттық музыка өнерімен таныстыруға мүмкіндік беретін осындай іс-шараны өткізудің маңызы зор деп атап өтті.

       Концертте Абай Құнанбайұлы, Құрманғазы, Ықылас Дүкенұлы, Біржан Қожағұлұлы, Дайрабай Нұрғожаұлы, Сара Тастанбекқызы, Дина Нұрпейісова, Латиф Хамиди, Нұрғиса Тілендиев пен шет елдерінің классикалық шығармалары орындалды.

       Мәдени іс-шара серб аудиториясының Қазақстанға, оның тарихына, мәдениетіне және қазақ этносының өзгешелігіне үлкен қызығушылық танытты.
          http://www.inform.kz/kaz/article/2888871

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті