Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Өнегелі өмір» деген сериясының №76 Өмірзақ Айтбаевқа арналды

05.04.2016

«Өнегелі өмір» деген сериясының №76 Өмірзақ Айтбаевқа арналды

      Академик Өмірзақ Айтбайұлы туралы айтылатын, жазылатын сөз әлі алда. Бұл бүгін Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында өткен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Айтбайұлының 80 жасқа толған мерейтойына арналған шығармашылық кездесуде айтылды.      

      ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Шәмша Беркімбаеваның айтуынша: «Өмірзақ Айтбайұлы қазақтың мынау сөз құдіретін түсінген, сезінген, соны дамытуға, қорғауға, насихаттауға қызмет еткен адам және сол жолда өте үлкен жетістіктерге жетті. Ол кісінің тіл біліміндегі ғылыми еңбектері мұнда тұр. Бұл туралы әлі айтылар, жазылып жатыр. Бұл кісіге қазіргі тіл білімі ғылымының патриархы Әбдуәлі Хайдаров ағамыз «тіл ғұмыр» деп ат қойған». Қоғам қайраткерінің бұл сөзін ғалымның замандастары мен қаламдас, пікірлес інілері де растап, оны одан ары қарай толықтыра түсті. Ол сондай-ақ, ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәми, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов,  ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамәдиұлы және басқа да құзырлы органдар мен мекемелерден жолданған құттықтау хаттарында да сөз болды.  Бұл кешке сонымен қатар Түркия мен Германиядағы қандастарымыз да арнайы келіп қатысып, өздерінің ізгі тілектерін жеткізді.       

      Ал әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті ректорының көмекшісі Бауыржан Жақып: «біздің университетте халықтың тұлғалы азаматтары туралы 3-4 жылдың көлемінде «Өнегелі өмір» деген серия бойынша кітаптар шығарылып келе жатыр. Бүгін міне Өмірзақ Айтбайұлына арналған 76-шы нөмірінің сүйінші данасын алып келіп отырмын.  Онда Өмекеңнің өзінің жазған дүниелері бар, өмірбаяндық деректері мен суреттері бар және замандастары мен інілерінің естеліктері жинақталып беріліп отыр. Бұл кітаптың тұсаукесері ҚазҰУ-да арнайы өтеді»,  – дегенді айтты.

         Ерлік Ержанұлы  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті