Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Мәскеуде қазақстандық автордың өлеңдер жинағы мен эссесі таныстырылды

06.04.2016

Мәскеуде қазақстандық автордың өлеңдер жинағы мен эссесі таныстырылды


     Мәскеуде қазақстандық ақын Әлімжан Ахметовтің «Мен уақытша...» деген өлеңдер жинағы мен эссесі таныстырылды.

     Шараға ресейлік жас ақындар мен авторлар, Мәскеуде оқитын қаақстандық студенттердің арасындағы жырқұмар жастар, сондай-ақ астана тұрғындары мен қонақтары қатысты

       Таныстырылым бағдарламасында бірқатар өлеңдер оқылды. Жиналғандар автордың өз шығармалары арқылы қазіргі болмысты философиялық пайымдауларын атап өтті.

      Таныстырылымның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін шай үстінде бейресми пікірсайыс өрістеді, оның барысында автор қонақтардың қойған сұрақтарына жауап қайтарды. Бұл автордың алғашқы жинағы. Қарағандылық ақынның өлеңдері философиялық және махаббат лирикасынан тұрады.

         Ә.Ахметовтің «Мен уақытша...» өлеңдер жинағы мен эссесіне өз пікірін білдірген филология ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Әсима Ишанова «Болмыстың өткінші екендігі туралы ежелгі әуен қазіргі заманғы өмір үшін күреспен тығыз ұштастырылған, автор экскиздік картинасында сезім дабылын және қияға құлаш ұрған ой ұшқырлығын көрсете алған» деп атап өтті.

        Таныстырылымға қатысқан қонақтар автордың қолтаңбасы қойылған кітап даналарын үлкен де шынайы қызығушылықпен алып жатты.

       http://www.inform.kz/kaz/article/2889385

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті