Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовқа арналған ән байқауы өтті

06.04.2016

Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовқа арналған ән байқауы өтті

     Алматыда 5 сәуір күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде белгілі сазгер, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовқа арналған «Әнім сен едің» атты ән байқауы болып өтті. Байқауды Өнер және мәдениет факультеті ұйымдастырып, студенттер өз өнерлерін паш етті. Мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры А. Көпбаев өз сөзінде: «Бұл игі шараны ұйымдастыруымыздың себебі, болашақ шығармашылық, өнер адамдары болған соң, студент-жастарды сол саланың майталманы болуға ынталандыру. Оның үстіне Шәмші әндері десе, өре түрегелмейтін қазақ жоқ. Байқаудың мақсаты – білім алушылардың патриоттық сезімін оятып, Қалдаяқов әндерін өскелең ұрпаққа жеткізе отырып, ерекше таланттарды табу болатын», – деп түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, кешке әділқазылар алқасы ретінде  ҚР Еңбек сіңірген танымал әншілері Гүлнәр Сиқымбаева, Гүлмира Ақүрпекова және ҚР Мәдениет қайраткері Гүлнұр Өмірбаева арнайы келіп қатысып, өз бағаларын беріп, сын-пікірлерін айтты.      

     «Әнім сен едің» атты ән байқауына суырылып шығып, 8 өнерпаз бақ сынасты. Сайыстың шарты бойынша үміткерлер екі туынды орындау қажет болды: бірі – Шәмші әні болса, екіншісі – еркін тақырыпта өнер көрсету. Оған қоса, байқауға қатысушылар баян, фортепиано, домбыра аспаптарының сүйемелдеуімен әнді жанды дауыспен орындап шықты. Кеш барысында көрермендер «Ана туралы жыр», «Бақыт құшағында», «Кешікпей келем деп ең», «Сыр сұлуы», «Өмір-өзен», «Қайықта», «Әнім сен едің», «Отырардағы той» сынды тамаша әндерімен сусындап, ілесе шырқап отырды. Өйткені, Шәмші әнін білмейтін қазақ баласы жоқ шығар. Халқымыздың бай музыка өнерін зерттеген музыкант-этнограф А. Затаевич: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» деп бекер айтпаса керек. Жалпы кез келген ортада Шәмші әні орындалса, халық қосыла ән салып кетеді. Бұл өнердің құдіреті, оның ішінде қазақ вальсінің королінің құдіреті екені айтпаса да түсінікті. Сондай-ақ, байқау барысында Шәмшінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы бейнероликтер көрсетілді.

      «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, сайыстың аты – сайыс. Біреудің бойда бар таланты, біреудің тынымсыз еңбегі басым болып, өз дәрежесіне сай сараланды. Бас жүлдені «Мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының 4 курс студенті Айдана Қуаныш қанжығасына байласа, 1 орынды «Музыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының 4 курс студенті Күнімқыз Шералиева иеленді. 2 орынды 2 курс студенті Дана Таджиханова алса, 3 орынға 1 курс студенті Қарлығаш Насирова лайық деп табылды. Ал, қалғандары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

      Сырлы да, сазды кештің өнерлі студент-жастарға берері мол бола бермек. Жасасын қазақ әуені, жасай берсін қазақтың Шәмшісі!

      «Қыздар университеті» медиа орталығы 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті