Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Испанияда 40 күн бойы қазақ фильмдері көрсетіледі

08.04.2016

Испанияда 40 күн бойы қазақ фильмдері көрсетіледі

қазақ фильм

      Сәуір айының басында Тәуелсіздігіміздің 25 жыл­ды­ғына орай, Барселона қа­ласында «Қазақстандық кино циклдары» шарасы салтанатты түрде ашылды. 19 нау­рыздан бастап, сәуір айының аяғына дейін жалғасатын, яғни қырық күн бойы көрсетілетін қазақ киносының күндерін ұйымдастыруға Қазақстанның Испаниядағы елшілігі, Ш­әкен Айманов атындағы «Қазақ­фильм» акционерлік қоғамы, «Дом Азии» қоғамдық ұйымы мен «Cinemes Girona» кинотеат­ры ұйытқы болуда. Ал салтанатты шараның ашылуына Қазақ елшілігінен бөлек, Барселонадағы кон­сулдық корпусы мен Испанияда оқып жүрген қазақ студенттері ат салысуда. Әрине, мұндай айтулы мә­дени оқиғаның басты мақ­саты Қазақстанды, оның халқын, дәстүрін, тарихы мен өзге жұртқа үлгі болған татулығын таныту ғана емес, Испания мен Қазақстанның қарым-қаты­насын жандандыра түсу екені аян.

       Сонымен, Барселона қала­сында басталған салтанат­ты шарада «Дом Азии» қоғам­дық ұйымының мәдениет және көрмелер жөніндегі департаментінің директоры әрі Испаниядағы мәдениет са­ласындағы беделді сарапшысы Менене Грас қазақстандық фильмдердің әлемдік кинематографияда өзіндік орны бар екенін атай келе, оның айғағы ретінде отандық картиналарға берілген халықаралық кинофес­тивальдардың басты жүлделерін атаған. Менене Грас ханымның ойын­ша, «Қазақстандық кино циклдары» қазақстандық кино­ның бірегейлігін ғана емес, бүкіл мемлекеттің ауызбіршілігін насихаттайды.

       http://egemen.kz/2016/04/08/33562

       Бұл күндері Барселонада басталып, Мадрид пен Ва­ленсия қалаларында жал­ғасын табатын қазақстандық картиналардың көрсетіліміне  испандықтар көптеп келуде. Олар «Қазақфильм» киностудиясында түсі­ріл­ген режиссер Ер­мек Шынар­баевтың «Дала дауы­сы», Ер­мек Тұрсыновтың «Кен­же» мен «Шал», Ерлан Нұр­мұ­хам­бетовтің «Жаңғақ тал», Рашид Сүлейменовтің «Ора­лу» фильмдері мен Қа­зыбек Әмір­жановтың қысқа метраж­ды «Бақ» картинасы, Ба­қыт Қайырбековтің «Дешті Қып­шақ. Құпия белгілер» де­ректі фильмдерін тамашалау­да. Фильмдердің барлығы қазақ тілінде испан субтитрімен ж­үріп жатыр, деп хабарлайды, Ш.Ай­манов атындағы «Қазақ­фильм» киностудиясы» АҚ баспасөз қызметі.

          Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті