Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Түркістан қаласында Зуқа батырдың 150 жылдығы апта бойы аталып өтіледі

11.04.2016

Түркістан қаласында Зуқа батырдың 150 жылдығы апта бойы аталып өтіледі

Zuqabatir150     

    2016 жылы сәуір айының соңы мен 3-ші мамыр аралығында  Зуқа батыр Сәбитұлының дүниеге келгеніне 150 жыл толуына орай рухани астанамыз Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде төмендегідей іс-шаралар өттеді.

        1. Батырдың атында түрік дүниесі жастарының футбол, баскетбол, қолкүрес, шахмат, қыздар валейболы, гир көтеру  қатарлы алты түрлі спорт ойындарынан халықаралық достық спорт апталығыны ұйымдастырылады. Бұл шараға 20-дан аса түрік тілдес ұлтпен ұлыс өкілдері жастары қатысады.

       2. Батырды еске алу мақсатында ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылады. Конференцияда Қазқстан Туркия елдерінің белгілі түрколог ғалымдары баяндама жасайды. Соңы батырға арналған өлеңдерден құралған шағын концертке ұласады.

       3. Осы іс-шараларның қорытындысы ретінде рухани астанамыз Түркістан қаласындаағы Туран мейрамханасында Құран оқылып, дастархан ұйымдастырылады.

        Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) – Қазақстан Республикасында тұңғыш ашылған Халықаралық жоғары оқу орны. Сонымен қатар, Түркі тілдес мемлекеттер арасында Халықаралық мәртебеге ие болған жалғыз білім және ғылым ордасы. 

M

      Зуқа батыр - 1866 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында дүниеге келген. Зуқаның әкесі шығыс өңіріне аса танымал болған Сәбит дамолла. Арғы атасы Нұрмұхаммед абыз. Текті әулеттен шыққан батыр бабамыз, орыс отаршылдығы мен гоминдаң қытай езгісіне тап болған қазақ халқын азат ету жолында қаза табады. Биыл батыр бабамыздың туғанына 150 жыл толды.

         Еске алу шаралары Қазақстан, Германия, Австрия, Англия, Америка, Түркия, Қытай, Моңғолия сынды 10 шақты елде жүргізіледі.

      Жұмабай Мәдібайұлы

           kerey.kz

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті