Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда визасыз 30 күнге дейін жүре алады

12.04.2016

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда визасыз 30 күнге дейін жүре алады

 
          ҚР азаматтары Корея Республикасына келу үшін алдын ала виза алудан босатылып, онда 30 тәулікке дейінгі мерзімде бола алады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

       30 күнге қазақстандық турист ретінде, жұмыс бабымен, емделуге, жеке ісі бойынша бара алатын болды.

      «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптарды өзара жою туралы Келісімге сәйкес, 2014 жылдың қараша айынан бастап жарамды жол жүру құжаттары (шетел паспорты) бар ҚР азаматтары Корея Республикасына келу үшін алдын ала виза алудан босатылып, онда 30 тәулікке дейінгі мерзімде бола алады», делінген хабарламада.

    Осылайша, Оңтүстік Кореяға бағыт алған ҚР-ның азаматтары оңтүстік кореялық визасыз 30 күнге дейін туристтік мақсатпен, жұмыс мақсатымен, сауығу және емделу мақсатымен, мәдени-ағартушылық мақсатымен, жеке ісімен (туысқандарына, достарына және таныстарына бару) шыға алады.

      Сонымен бірге осы келісімнің ережелері Кореяға жұмысқа тұру, оқуға бару, тұрақты мекендеу, миссионерлік мақсармен бағыт алған тұлғаларға тиесілі емес.

   Бұл жағдайда Қазақстаннан Корея Республикасына шығу алдында алдын ала Астанадағы Корея Республикасының Елшілігінде немесе Алматыдағы Бас консулдығында оңтүстіккореялық тиісті категориясы бар визаны жасауы   қажет. Кері жағдайда, Корея Республикасының көші-қон өкіметі сізге кіруге рұқсат бермей, оңтүстіккореялық заңнамаға сәйкес депортация режимін қолдана алады.

      Оңтүстіккореялық көші-қон қызметінің қызметкерлері өз елінің заңнамасына сәйкес кіру кезінде әрбір шетел азаматты сапар мақсатының нақты ниетімен сәйкестігін тексеру үшін сауалнама жүргізуге құқылы.

   «Осыған байланысты, Оңтүстік Кореяға баратын азаматтар сапар мақсатына қарамастан қайту билетінің болуын, Оңтүстік Кореядағы тиісті тұлғаның немесе ұйымның (серіктес компания, турагенттігі, медициналық мекеме және т.б.) шақыру көшірмесінің болуын, көші-қон картасында (халықаралық аэроопортта келген кезінде толтырылады) сапар мақсатын, Корея Республикасында тұратын уақытша мекенжайды және сіз бара жатқан тұлғаның/ұйымының аты-жөнін, атауын және байланыс ақпаратын анық көрсетуді қадала сұраймыз», деп хабарлайды ҚР СІМ.

      Министрлік сонымен қатар, шығатындардың барлығына медициналық сақтандыруды сол елге аттанар алдында жасауға кеңес береді, өйткені тегін медициналық көмек қызметі бұл елде қарастырылмаған. 

      http://www.inform.kz/kaz/article/2891719

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті