Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Өзін-өзі тану» пәнінен IV республикалық пәндік олимпиада өтеді

13.04.2016

«Өзін-өзі тану» пәнінен IV республикалық пәндік олимпиада өтеді

     Алматыда 14-15 сәуір күндері аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша IV республикалық пәндік олимпиада өтеді. Өткен жылы Астана қаласында Еуразия ұлттық университетінде  өткен олимпиаданың Бас жүлдегері атанған Қыздар университеті биылғы олимпиаданың өткізу мәртебесіне ие болып, өз достарын киелі шаңырақта қарсы алмақ.

             Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті және «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған білім сайысына Алматы, Астана, Тараз,   Ақтөбе, Көкшетау, Павлодар қалаларынан 9 команда қатысады.

             Республикалық олимпиаданың басты мақсаты - «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық білімдері бар дарынды студент жастарды анықтау, студенттердің өзін-өзі тану мұғалімі кәсібіне деген қызығушылықтарын арттыру, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жаңартылған бағдарламасының тиімділігін нақтылау.

Олимпиада «Жүректен жүрекке» таныстыру сайысы, «Оқы, оқы және оқы!» теориялық және практикалық білімдер байқауы, «Біз әлемді жақсартамыз» атты әлеуметтік-педагогикалық жоба қорғау сайысы, «Жалпыадамзаттық құндылықтарды түрлі көркем  шығармаларға интеграциялау» сынды сахналау сайыстарынан тұрады.

Қатысушылардың білімі мен шеберлігіне «Бөбек» орталығының қызметкерлері, рухани-адамгершілік білім беру саласының мамандары, жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, ««Өзін-өзі тану» пәнінің ұстаздары қазылық жасайды. Қазылар алқасының төрайымы Адамның үйлесімді дамуы институтының бөлім бастығы, п.ғ.д., профессор Аршагүл Рысбаева.

       «Қыздар университеті»  медиа орталығы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті