Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматылық бишiлер Түркия елiнде өнер көрсеттi

14.04.2016

Алматылық бишiлер Түркия елiнде өнер көрсеттi

       Алматыдағы А.Селезнев атындағы хореография училищесiнiң бiр топ өнерлi жастары Түркия елiнiң Амасья қаласында өткен Наурыз мейрамына арналған Халыхаралық фестивальге қатысып қайтты. Бұл халықаралық фестиваль түркiтiлдi елдердiң мәдениетi мен өнерiн насихаттау әрi жақындастыру мақсатында өткен едi. Қазақстандағы бiрден-бiр балет өнерiнiң қарашаңырағы атанған училищенiң педагог- хореографы, тәжiрибелi ұстаз Анвара Садықова жетекшiлiгiндегi 12 оқушы қазақтың халық биi негiзiнде әзiрленген Едiл Құсайыновтың музыкасына жазылған «Бұлбұл заман», Бейбiт Оралұлының музыкасына жазыған «Дала әуенi» және «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблi дайындаған «Ер Тұран» атты үш биiн көрермен назарына ұсынды.

     Ұлттық киiм киiп, талшыбықтай бұралған буынсыз бишiлердiң қазақ би өнерiне негiзделген қойылымы түрiк халқына эстетикалық әсер мен қуаныш сыйлады. Би өнерiмен әсем де нәзiк дене қимылымен әлем халықтары мәдениетiн жақындастырып, ортақ үндестiк табуға болатынын А.Селезнев атындағы хореография училищесiнiң өнерлi жастары көптеген халықаралық фестивальдерде дәлелдеп, көрсетiп келедi. Ұлттық өнер ерекшелiктерiн әлем елдерiне насихаттауда училище жастары тәжiрибе жинақтап, мың бұралған билерiмен гастрольдiк өнер сапарына жиi шығып жүр.

      «АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті