Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Өскемендік шебер қазақ тарихындағы тұлғалардың мүсінін ағаштан ойып жасайды

15.04.2016

Өскемендік шебер қазақ тарихындағы тұлғалардың мүсінін ағаштан ойып жасайды

 
        Өскемендік  шебер Юрий Костанянц ел тарихынан ойып орын алатын тұлғалар мен ұлттық құндылықтарға қатысты бұйымдарды  ағаштан ояды, деп жазады «Хабар» арнасы.

    Ұлты армян болғанымен, бүкіл тағдыры қазақ елімен байланысты шебер өз туындыларында негізінен ұлтаралық бірлікті бейнелейді екен.   Юрий Костанянцтың ағаштан мүсін мен түрлі дүниелер жасаумен айналысқанына 40 жыл болған. Туындыларының басым бөлігі  тарихи тұлғалар мен ұлттық құндылықтарға бағытталған. Негізінен қазақтың хандары мен батырларының мүсіндерін ойғанды ұнатады. «Әрбір мүсінді жасамас бұрын ол тұлғаның өмірі мен  тарихтағы орнын зерттеп алам», - дейді.

         «Бүгінге дейін қазақ елінің  тарихына қатысты тұлғалар мен ұлттық құндылықтарға қатысты дүниелерден көп нәрсе жасадым. Енді әрбір халықтың  ұлттық ерекшелігін айшықтайтын туынды жасауды жоспарлап жүрмін», - дейді ол. 

    Юрий Арменияда туса да,  Қазақстанда өсіп-өніп, білім алды. Сондықтан шығармаларының да негізгі өзегін қазақ халқының кешегі тарихы мен бүгінгі тәуелсіз Қазақстандағы ұлттардың бірлігіне арнаған.  Юрий Костанянцтің үйі қазір мұражай іспеттес.  Ал ағаш шебері бүгінде бұл өнерін мектеп оқушыларына үйретіп жүр.

     Мүсіншінің туындылары көшпенділер өмірімен тікелей байланысты болғандықтан, Еуропа елдеріндегі көрмелерде өте жоғары бағаланады. Болашақта тарих пен елдегі татулықты бейнелейтін тағы 70-ке жуық жаңа дүние жасап, жеке мұражай құруды жоспарлап отыр.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті