Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Академик Ө.Айтбаев және мемлекеттік тіл мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

15.04.2016

«Академик Ө.Айтбаев және мемлекеттік тіл мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

     Алматыдағы Ғылым ордасында 22 сәуір күні «Академик Ө.Айтбаев және мемлекеттік тіл мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болады. Көрнекті мәдениет және қоғам қайраткерінің 80 жылдығына арналған бұл шараны ҚР Ұлттық ғылым академиясының Қоғамдық  және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы және А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты бірлесіп ұйымдастырып отыр.

       Конференцияға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық, қалалық филиал төрағалары мен төралқа мүшелері, шетелдік және өңірлік өкілдіктер жетекшілері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, ғалымдар, ғылыми-зерттеу ұйымдарының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, жазушылар,  тіл жанашырлары мен БАҚ өкілдері қатысады.

        ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев – қазақ  тіл білімінің күрделі мәселелерін ұзақ жылдар бойы үздіксіз зерттеумен шұғылданып, терминтану саласы бойынша өзіндік ғылыми бағыт қалыптастырған көрнекті ғалым. Ғалым ғылыми зерттеушілік жұмыстарымен қатар еліміздің қоғамдық өміріне  де белсене араласып, тәуелсіздік қарсаңында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырушылардың бірі ретінде қайраткерлік танытып, осы қоғамның қазақ тілінің жоқшысы ретінде халықаралық деңгейдегі іргелі ұйымға айналуына өлшеусіз еңбек сіңіріп келе жатыр. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті