Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда «Таңжарық оқулары» өтеді

18.04.2016

Алматыда «Таңжарық оқулары» өтеді

 
         2016 жылдың 19 сәуірде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Алматы қаласындағы ЖОО студенттері арасында «Осы таң кімнің таңы?» атты дәстүрлі Таңжарық оқулары өтеді.  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілетін шара Алаш ұранды әдебиеттің белді өкілі, ұлт қайраткері, ақын-ағартушы Таңжарық Жолдыұлының өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа кең көлемде насихаттауды мақсат етеді, деп хабарлады осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

         Таңжарық Жолдыұлы - Алаш идеясын қытайдағы қазақтарға насихаттап, халықты оятқан қайраткер тұлға. 1934-1935 жж. Құлжада алғаш газетін шығарып редакторы болды. Тұңғыш қазақ театрын ашып «Шұғаның белгісі» қойылымын қойып, өзі басты рөлді ойнады. Мектептер ашып, ағарту ісін жандандырды. Ұлтты оятқан іс-әрекеті мен шығармалары билеушілерге ұнамай екі мәрте түрмеге қамалды. Адам айтқысыз азаптауды көрсе де мойымай өр рухты өлең, толғау, дастан, әндер жазды. Дені бүгінгі ұрпаққа жетті. Ақын шығармалары арқылы өткен ғасырдағы қытайдағы қазақтардың саяси-әлеуметтік өмірі, қиын-қыстауға толы тауқыметті тарихы, мәдениеті мен өнері туралы біршама құнды мағұлмат алуға болады. Ақынның өмірі мен еңбектері жайлы көптеген зерттеушілердің жақсы пікірлері бар.

       Ұлт қайраткерінің өнегелі өмірі мен шабытты шығармашылығын кең көлемде насихаттау мақсатында «Халықаралық Таңжарық зерттеу қоғамдық қоры» құрылды. Жастар арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін кезекті Таңжарық оқуларында аталған қордың тұсауы кесіледі. Ақын өмірі мен еңбектері төңірегінде студенттердің көзқарасы пен пікірі тыңдалады. Жастар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, сұраққа жауап беру арқылы сынға түсіп бақ сынайды. Игі шараға есімі елге белгілі әдебиетші, зерттеуші, ақын, жазушы, журналистер және оқытушы, студенттер қатысады. Танымал әншілер Таңжарық әндері мен толғауларын орындайды. 

           http://www.inform.kz/kaz/article/2893851

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті