Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда жұртшылық Мақаш Тәтімовті бақилық сапарға шығарып салды

18.04.2016

Алматыда жұртшылық Мақаш Тәтімовті бақилық сапарға шығарып салды

 
         Бүгін Қазақстан халқы белгілі демограф-ғалым, саясаттану ғылымдардың докторы, академик Мақаш Байғалиұлы Тәтімовті ақтық сапарға шығарып салды.

      Орталық Азия университетінде өткен қаралы жиынға қала әкімі Бауыржан Байбек, өзге де қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.

       «Кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мақаш ағамыздың туыстарына көңіл айту хатын жіберіпті. Соны оқып шығуға рұқсат етіңіздер. Көрнекті ғалым, белгілі педагог, қоғам қайраткері Мақаш Тәтімовтің қайтыс болуына байланысты ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Мақаш Тәтімов өз зерттеулерімен жұртшылыққа кең танылып, қазақ демографиясының ғылыми негізін қалады. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап қоғамдық жаңару үдерістеріне белсене атсалысты. Елдік мәселелерге үнемі үн қосып, қазақ халқының кемел ұлтқа айналуына елеулі еңбегін сіңірді. Ғалымның еңбектері өз халқының тағдырына арналды. Оның жарқын бейнесі әрдайым жүрегімізде сақталады», - деді Бауыржан Байбек Елбасының көңіл айту хатын жеткізе отырып.

      Айта кету керек, белгілі ғалым кеше ұзаққа созылған науқастан кейін 76 жасқа қараған шағында көз жұмды.

      Мақаш Байғалиұлы Тәтімов 1940 жылы 30 cәуірде Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген. Қазақстанда демография білімінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері.

      В.И.Ленин атындағы Мәскеу педагогикалық университетін (1966), Мәскеу экономикалық статистика институтының аспирантурасын (1969) бітірген. 1970 - 1993 жылдары Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Философия және құқық иннститутының Ұлтаралық қатынастарды зерттеу орталығында кіші, аға және жетекші ғылыми қызметкер болып істеді. Ол 1931-1933 жылдары «голощекиндік геноцидтің», 1937-1938 жылдары сталиндік қуғын-сүргіннің, ІІ дүниежүзілік соғыс майдандарында қаза тапқан қазақтар шығынын, тоталитаризм үшін «сенімсіз» халықтардың Қазақстанға қоныс аударылуының саяси себептерін ашып көрсету жөніндегі түрлі комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ 1986 жылы оқиғаға қатысқан жастарды саяси-құқықтық ақтау үдерісіне қатысты. Халықаралық статистика деректеріне сүйене отырып, тұңғыш рет дүние жүзіндегі түркі тілдес халықтардың жалпы санын жариялады. 1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысын құруға қатысып, оның тең төрағасының бірі болып сайланды.

      1993-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратында Ақпарат және талдау бөлімінің аға сарапшысы қызметін атқарды. Тәтімов - көші-қон саясатын талдап жасаушылардың, шет жұрттағы қазақтардың елге оралуын алғаш ұйымдастырушылардың бірі. 1992 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демография саясаты жөніндегі кеңестің (1992-1997), Адам құқықтары жөніндегі комиссияның (1992 жылдан) мүшесі. «Құрмет» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.

       http://www.inform.kz/kaz/article/2893930

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті