Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Атырау облысы Ресейдің Астрахань облысымен байланысты нығайтып жатыр

19.04.2016

Атырау облысы Ресейдің Астрахань облысымен байланысты нығайтып жатыр

 
           Атырау облысына РФ Астрахань облысының делегациясы келді. Оны аймақтың  губернаторы Александр Жилкин басқарды.

         Делегация құрамында Астрахань облысы үкіметінің негізгі министрлері,  бизнесмендер бар.

        «Қазақстан үшін Ресей Федерациясы - стратегиялық серіктес. Осының негізінде екі ел арасында, соның ішінде жеке облыстар арасында қарым-қатынастар нығаюда. Экономика, білім беру, денсаулық сақтау салаларында, құқық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтері желісінде қарым-қатынас қарқынды дамып жатыр.  Бұл қатынасты үнемі дамыту, нығайту қажет. Біз осы шаруамен айналысып жатырмыз», - деді ресейлік делегациямен кездесуде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

         «Каспий теңізінің биоресурстарын сақтау, шекарадағы ауқымды өрттердің алдын алу, Каспий қайраңын игерудегі ынтымақтастықты дамыту - бұл бірлескен жұмыстар бағытының бір бөлігі ғана. Бұл жұмыстарды қазақстандық әріптестермен талқылайтын боламыз», - деп хабарлады А. Жилкин.

           http://www.inform.kz/kaz/article/2894300

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті