Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қарақолдық ағайын

19.04.2016

Қарақолдық ағайын

     Алматыда 18 сәуірде Қырыз елінің Ыстықкөл облысы, Қарақол қазақ бірлестігінің жетекшісі Асанәлиев Мұханбет Дәркенұлы мен ҚХА жанындағы Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Мамыров Руслан Қыдырұлы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаевтың қабылдауында болып, Бірлестік жұмысымен таныстырды. 

        Мұханбет мырза бұрын Ыстықкөл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған, білікті де білімді заңгерлердің бірі. Ол Қарақолда кіші-гірім музей ашып, оны ұлттық киім және музыкалық аспаптармен, кітаптармен толықтырғысы келетіндерін білдірді. 
       Руслан болса қазақтың жиені әрі күйеу баласы, нағашы жұртына көшіп келгенне 12 жыл болған. Бүгінгі күні Қазақстан азаматы. Қырғыз елінен келіп, елдің мән-жайын білгісі келетін қазақ ағайындарға көмектесіп, қол ұшын беріп жүрген мықты азамат деп білеміз.
      Қарақол қазақ бірлестігін Қырғызстандағы қазақ қауымдастығының филиалы ретінде тіркеуді ұсыныс ете отырып, «Атажұрт» баспасының «Шетелдегі қазақтар» сериясымен шыққан кітаптарды, дискі және «Туған тіл» альманағы мен «Алтын бесік» журналы сыйға тарттылды.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті