Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Патриоттық жастар форумы өтеді

19.04.2016

Патриоттық жастар форумы өтеді

      Алматыда 20 сәуір күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына орай «Болашағы жарқын мәңгілік елдің жастары» деген атпен республикалық патриоттық жастар форумы өтеді.

     Жоғары оқу орны мен Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен өтетін бұл  форумға республиканың әр өңірінен 100-ден астам жастар ұйымдары, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары мен өкілдері, #G38 ұйымы, Алматы қаласы студенттер альянсы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары, «Жарасым» Қазақстан халқы ассамблеясының жастар қанаты, «Лига волонтеров Алматы», «Сұнқар» студенттер кәсіподағы және т.б. жастар ұйымдары қатысады.

      Форумның негізгі мақсаты – студент  жастардың бойында  белсенді азаматтық ұстанымын,  әлеуметтік жауапкершілігін,  патриоттық сезімін, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру.

       Елбасымыз  жастар ісіне әрдайым ерекше көңіл бөле отырып, оларға үлкен үміт пен сенім артады. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, халықтың тілі мен ділін, дінін тарихы мен салт-дәстүрін бойына сіңірген, егемен елдің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақтың алар орны ерек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында «Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» деп ерекше атап өткен болатын. Басқосуда жастар  Мәңгілік Ел болудағы «Нұрлы жолды» бірге жасаудағы нақты істер мен шараларды, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жастарға артқан сенімі мен білім берудегі жаңа өзгерістер мен бастамалар жайлы, сонымен қатар сапалы білім алу, патриот жастарды тәрбиелеу, бос уақытты, студенттердің өзін-өзі басқаруды тиімді ұйымдастыру сынды осы және өзге де жастар мәселелерін қарап, талқылайтын болады.

         Форум аясында сондай-ақ, студенттік өзін-өзі басқару органдары мен студенттік жастар ұйымдарының қызметінің тиімділігін аттыру жөніндегі тұжырымдаманы бекітуді талқылау топтық дискуссиясы өтеді.

       «Қыздар университеті»  медиа орталығы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті