Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Шетелдегі ҚР Елшілері қазақстандықтар алдында есеп береді

20.04.2016

Шетелдегі ҚР Елшілері қазақстандықтар алдында есеп береді


     Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелдегі Қазақстан елшілерімен арнайы кездесулер топтамасын бастады. Бұл шара ведомство бастамасымен ұйымдастырылған «Жаңа мүмкіндіктер» бағдарламасы аясында өтеді. Осы жайында баспасөз мәслихатында ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті.

        «Бұл бағдарлама қоғамдастыққа шет мемлекеттермен ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективалары туралы ақпарат беруге, Қазақстанның шетелдегі мекемесіндегі мүмкіндіктері мен рөлін белгілеуге бағытталған», - деді ол.

       Оның сөзіне қарағанда, бұл жұмыстағы негізгі екпін бірінші кезекте инвестициялық және сауда-экономикалық серіктестікті дамыту жайында кеңінен ақпарат беруге қойылып отыр

      «Атап айтқанда, біздің тілшілерге шет елдермен ынтымақтастық туралы барынша толық әрі қызық ақпарат беруге ниеттіміз», - деді Ә. Жайнақов.

       Бүгінгі бірінші баспасөз мәслихатын Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Өміртай Бітімов өткізуде. 

        http://www.inform.kz/kaz/article/2894790

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті