Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Бүгін - Сәбит Мұқановтың туған күні

22.04.2016

Бүгін - Сәбит Мұқановтың туған күні



          Осыдан 116 жыл бұрын, 22 сәуірде  қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы  Жамбыл ауданында қазақтың атақты жазушысы, ақын, драматург, әдебиет зерттеушісі және сыншысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқанов дүниеге келді.

     Сәбит Мұқанов қазақ әдебиетінде роман жанрының дамуын биік шыңға көтерді. «Жұмбақ жалау» (кейіннен «Ботакөз») романында революциялық аласапыран кезді басынан өткерген қазақ әйелінің тағдыры бейнеленсе, «Сырдария» романында Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылдағы еңбекшілердің қайсарлығы, халықтар достығы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан үндестік сөз етілген. «Аққан жұлдыз» дилогиясы әйгілі ғалым Шоқан Уәлихановқа арналған. «Өмір мектебі» трилогиясында автор өз ғұмырын кезең-кезеңмен әңгімелей отырып, қазақ халқының жарты ғасыр бойғы тарихының да шыншыл шежіресін жасайды. Шығармалары ТМД және шетелдің бірқатар тілдеріне аударылған.

       Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Екі рет Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

        http://www.inform.kz/kaz/article/2895553

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті