Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Музыкатанушы, композитор Өмірбек Байділдаев атындағы патриоттық әндер байқауы өтті

22.04.2016

Музыкатанушы, композитор Өмірбек Байділдаев атындағы патриоттық әндер байқауы өтті

     Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 21 сәуірде патриоттық әндер орындаудан белгілі музыкатанушы, композитор, профессор Өмірбек Байділдаев атындағы VI қалалық «Туған ел» байқауы өтті. Мақсат – Өмірбек Байділдаевтың әндерін кеңінен насихаттау мен талантты жастардың жолын ашу.

         Айтулы шарада алты жоғары оқу орнынан іріктеліп, 15 таланты да, өнерлі студенттер бақ сынасты. Байқаудың талабы бойынша сайысқа қатысушылар Ө. Байділдаевтың бір әнін, екіншісі –  өз таңдауы бойынша ән айтуы қажет. Және екеуі де патриоттық тақырыпта болуы тиіс. Ең басты шарт – үміткерлер музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен тек қана жанды дауыста ән шырқады.         

     Байқауға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова, ҚР Мәдениет қайраткері Гүльмира Ақүрпекова, «Серпер» жастар одағының сыйлығының лауреаты Шолпан Қуанова төрағалық етті. Онда Бас жүлде мен 25 мың теңге ақшалай сыйлықты Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Ермек Беримжанов иеленді. 1-орын мен 20 мың теңге ақшалай сыйлықты Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі студенті Әлия Аукенова,  2-орын мен 15 мың теңге ақшалай сыйлық П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері Әсем Сергеева мен Марғұлан Болатқа бұйырды. Ал 3-дәрежелі диплом мен 10 мың теңге көлемінде сыйлықты П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенті Дінмұхаммед Көшкінбаев пен Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Саят Марулбаев алды. Сондай-ақ, «Әсем дауыс», «Көремен көзайымы», «Патриоттық әнді үздік орындаушы» сынды номинациялар бойынша да Алғыс хаттармен марапатталды.

       Қазақ халқының музыка өнерінде өзіндік орны бар композитор, профессор Өмірбек Байділдаев 1954 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының домбыра сыныбын бітірген. 1954-65 жылдары Қазақ КСР-і телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің музыка редакциясының редакторы, бас редакторы және көркемдік қызметтерін атқара жүріп,  музыка мәдениетінің тарихы мен теориясына қатысты көптеген хабарлар жасаған.        

Ал, композитордың көпшілікке жіті таныс «Туған ел», «Қазақстан салтанаты», «Алматым – астанам», «Қимаймын сені», «Ауыл кеші», «Май жыры», «Қыз бен жігіт айтысы», «Жаңа жыл кешінде», «Сұлу екен Алматының қыздары», «Назико», «Шопан жыры», «Қазақстан жастарының маршы», «Бейбітшілік сақталады», «Айнагүл» сынды туындылары – өшпес мол мұра.

         Ө. Байділдаев 1967-97 жылдары, яғни жиырма жыл Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде еңбек етті. Осы жылдар ішінде Музыка теориясы және тарихы кафедрасының меңгерушісі сынды басшылық қызметтерді алып жүрді.

           «Қыздар университеті»  медиа орталығы 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті