Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Елбасы академик Ө.Айтбаевқа құттықтау хат жолдады

22.04.2016

Елбасы академик Ө.Айтбаевқа құттықтау хат жолдады

     ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтап хат жолдады. Бұл бүгін Алматыдағы Ғылым ордасында өтіп жатқан «Академик Ө.Айтбаев және мемлекеттік тіл мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР ҰҒА Президенті Мұрат Жұрынов оқып берді.

         «Сізді 80 жасқа толуыңызбен құттықтаймын. Халқымыз өзіңізді бүкіл саналы ғұмырын туған тілдің табиғатын танытуға арнаған көрнекті ғалым ретінде біледі. Қаламгерлік қабілетіңіз бен зерделі зерттеушілігіңіздің арқасында тіл білімі саласын дамытуға мол үлес қостыңыз.  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қалыптасуына зор еңбек сіңіріп, қайраткерлік биіктіктен көріндіңіз. Ұлттық ғылым академиясының академигі, ұлт зиялысы ретінде үнемі ел мүддесіне қызмет етіп келесіз. Жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болуыңыз жемісті еңбегіңіздің лайықты бағаланғанының белгісі. Жұртшылық өзіңізді өнерге жаны жақын ардақты азамат ретінде ерекше қадірлейді. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілеймін»,  – деген Елбасы өз құттықтауында.

          Конференциия барысында мұндай ізгі тілектер ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықовадан, ҚР Парламент Сенатының  төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтан, ҚР Президенті Кеңесінің бастығы Махмұд Қасымбековтен, ҚР Президентінің Кеңесшісі Мұхтар Құл-Мұхаммедтен, ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәмиден, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтен, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынан және облыс, қала басшылары мен түрлі қоғамдық ұйымдардың жетекшілерінен де келіпті.

    Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті