Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – түрiк елдерiнiң үздiк жоғары оқу орны

25.04.2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – түрiк елдерiнiң үздiк жоғары оқу орны

           Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ негiзi қаланған күннен бастап 2016 жылы 15 қаңтарда 82 жыл толды. Осы кезеңде университет түрлi саладағы мыңдаған мамандарды оқытып шығарды және оны Қазақстандағы ең үздiк көпсалалы университет деп санауға болады. Осы жылы Түрiк елдерiнiң Дүниежүзiлiк конгресi отырысының шешiмi бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң «Түрiк елдерiнiң ең үздiк ЖОО» атағын алғандығын атап өткен жөн. Қазақстандық ЖОО осындай жоғары халықаралық деңгейде мойындалуын осы жылы қаңтарда Түрiк елдерiнiң Дүниежүзiлiк конгресiнiң президентi Яхья Юсифоглы Әлиев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымымен кездескен кезiнде хабарлады. Әлемнiң алты академиясының академигi, Түрiк елдерiнiң Дүниежүзiлiк конгресiнiң президентi, доктор Яхья Әлиев университеттiң жоғары жетiстiктерiн, түрленуiнiң ауқымдарын және дамуының әлемдiк рейтингiндегi қарқындылығын атап өттi және ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтановқа «Түрiк әлемiнiң алдындағы ерекше еңбегi үшiн» алтын медалiн ұсынды. Қазақстандық ЖОО-ның көшбасшылық ұстанымдары Қазақстанда адамдық капиталдың дамуына үлкен назар аударылатындығының дәлелi болып табылады, ал ол елдiң болашағына негiзгi инвестиция болып табылады. Егер ҚазҰУ халықаралық марапаттары туралы айтатын болсақ, ҚазҰУ QS World University Rankings халықаралық рейтингiнде 275-орынды иеленгендiгi туралы атап өту қажет және түрiк елдерiндегi университеттердiң iшiнде бiрiншi орында тұр. Кезектi халықаралық мойындау университеттiң үлкен және тату ұжымы үшiн, әрине, жағымды жаңалық болды және ғылым мен бiлiм саласында жоғары деңгейлерге жетуге ынтасын арттырды.

        З.АХМЕТОВА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының доцентi, экономика ғылымдарының кандидаты, Қ.ЖАҚСЫҒҰЛОВА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, экономика және Бизнес Жоғары Мектебiнiң магистранты.

       "Алматы ақшамы" газеті

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті