Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Дүние, шіркін...» атты әдеби-сазды кеш өтеді

26.04.2016

«Дүние, шіркін...» атты әдеби-сазды кеш өтеді

     Алматыда 27 сәуір күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған белгілі түркітанушы ғалым Мырзатай Жолдасбековтің «Дүние, шіркін...» атты әдеби-сазды кеші өтеді.

      Әдеби-сазды кешке ҚР халық әртісі Сәбит Оразбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ілия Жақанов, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов, ақын Жүрсін Ерман, ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор Ермұрат Үсенов, Қыздар университетінің ректоры Д.Ж.Нөкетаева, Қорқыт ата атындағы ҒЗИ директорының орынбасары, PhD докторы Нұрболат Бөгенбаев қатысады.

     Басқосу аясында Ілия Жақановтың «Дүние, шіркін...» кітабының тұсауы кесіледі. Бұл кітап көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтің шығармашылығына арналған.

       М.Жолдасбеков қазақ әдебиетінің алғашқы қайнар бастауларын, Жамбыл Жабаев шығармашылығын зерттеуге мол үлес қосқан, Түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын ғылыми айналымға енгізген. Жамбылдың ақындық мектебін зерттеп, оның тұстастары мен шәкірттерінің туындыларын жан-жақты талдаған. Қоғамдық сананы, ғылыми ойлар қорын байытқан «Ежелгі әдебиет нұсқалары», «Асыл арналар», «Жүз жыл жырлаған жүрек», «Жамбыл және оның ақындық ортасы», «Асыл сөздің атасы», «Ел тағдыры – ер тағдыры», «Жүз жыл жырлаған жүрек», «Тоқсан толғау»,  «Елтұтқа», «Ел тағдыры – ер тағдыры» және басқа көптеген еңбектердің авторы.

      Әдеби-сазды кеште Бекжан Тұрыс, Гүлмира Сарина, Ардақ Балажанова, Жанғали Жүзбаев, Гүлзира Бөкейханқызы секілді өнер майталмандары қайраткер ғалымның «Әй, угәй, армандамын Жаратқанға»,  «Бәйтерек», «Қыз дәурен – Ақбота» секілді әндері мен «Толғау» және «Қосбасар» күйлерін орындайды.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті