Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Ұлпан» романы түрік тілінде басылып шықты

26.04.2016

«Ұлпан» романы түрік тілінде басылып шықты

     Түркиядағы Қазақстан елшілігінің, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен Алматы қаласы Әкімдігінің ұйымдастыруымен Анкарадағы Гази университетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жылдарындағы Түркиядағы қазақ тілі мен әдебиеті» атты халықаралық конференция өтті. Осы іс-шара аясында қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романының түрік тілінде шығуына орай таныстырылымы болды. Роман Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Еуразия Жазушылар қауымдастығының қолдауымен жарық көрді. Сондай-ақ қазақ сөз өнерінің шеберлері М.Әуезов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Ерубаев, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин романдарындағы көркемдік шеберлік туралы Гази университетінің оқытушысы, ғылым докторы Жәмилә Қынаджының «Қазақ әдебиетіндегі имидж және тұлғалық қасиет» атты зерттеу еңбегі де жұртқа таныстырылды.

     Конференция жұмысына Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Еуразия Жазушылар қауымдастығының төрағасы Якуб Омароғлы, белгілі түркітанушы-ғалым профессор Ахмет Бижан Ержиласун, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Жанарбек Әшімжан, Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің басшысы Әділғазы Қайырбеков, Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Мәлік Отарбаев, Түркиядағы қазақ әдебиетінің зерттеуші-ғалымдары Ферхат Тамир, Әкрам Аян, Сейфулла Йылдырым, Анкара қаласындағы зиялы қауым өкілдері және Гази университетінің ұстаздары мен шәкірттері қатысты. Жиынды Гази университетінің бөлім меңгерушісі, профессор Фатих Киришчиоғлы жүргізіп отырды. Кейінгі жылдарда қазақ-түрік әдеби байланыстарының дамып келе жатқандығын кітаптардың таныстырылымына қатысушылар баса айтты.

     Дерек көзі:  Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов музейінің фейзбуктегі парақшасынан

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті