Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Түркітанушы ғалым М.Жолдасбековтің көшбасшылық дәрісі өтті

27.04.2016

Түркітанушы ғалым М.Жолдасбековтің көшбасшылық дәрісі өтті

      Алматыда 26 сәуір күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қоғам қайраткері, түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков «Көне түркі жазба және Мәңгілік Ел» тақырыбында дәріс оқыды.

     Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы аудиториясына жиналған тәлімгерлер тағылымды дәрістің авторын зор қошеметпен қарсы алды. ҚазМемҚызПУ ректоры Динар Нөкетаева: «Бүгін болашақ тіл мамандары, әдебиетшілер үшін ерекше дәріс ұйымдастырылып отыр. Көне түркі жазбасы туралы дәріс тыңдау үшін қоғам қайраткері, түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков ағамызды зор қошеметпен, ыстық ықыласпен шақырып отырмыз. Адами даму капиталын арттыру үшін көшбасшылық дәрістердің әсері өте мол. Мырзатай Жолдасбекұлының зерттеу еңбектері мен жарық көрген кітаптары арқылы білім алу бір бөлек, дәріс арқылы тәлімі мол ақпаратты есту мүлде басқаша. Сондықтан да, Мырзатай Жолдасбекұлы, қазақ қыздарының киелі шаңырағына келіп, тарихи мұраларды, әсіресе, көне түркі жазуларын зерттеуде қазақ ғылыма баға жетпес құндылықты енгізген сіздей үлкен ғалымның дәріс оқуға ниет білдіргеніне қуаныштымын», – деді.

      «Осынау киелі жерде сақ тайпасынан бері 22 мемлекет салтанат құрған. Біздің тарихымыз өте тереңде жатыр. Бірақ, «әдебиеті болмаған, мәдениеті жоқ» дегенді сіңіріп, біздің тарихымызды жаңғыртуға кедергілер көп болды. Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы, қоғам қайраткері Ө.Жәнібеков бастаған қазақ зиялыларының ұлт жанашырларының арқасында Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкехановтай Алаш арыстарының есімдерін қайта танытып, еңбектерінің жарық көруіне көп еңбек еттік», – деп дәрісін бастаған М.Жолдасбеков Күлтегін, Архон-Енисей жазбаларының зерттеуі, ескерткіштердегі руна жазуы және оның мағынасы жайында кеңінен ақпарат берді.

       «Күлтегін ескірткішінің көшірмесі түпнұсқасындағыдай дәлме-дәл жасалды. Алдымен Алматыға ұшақпен әкелінді, одан кейін елордамыз Астанаға арнайы вагонмен жеткізілді. Бұл өте жан тебіренткен, көңіл толқытқан керемет сәт еді. Себебі, ұлы түркілердің тарихының бөлшегі Елорданың төрінде орын алуы – ғажайып құбылыс еді», – өткен шаққа  оймен саяхат жасаған қоғам қайраткері көне түркі жазуының зерттелуі, В.В.Радлов және П.М. Милиоранский секілді ғалымдардың жұмыстары жайында кеңінен әңгімеледі.      

     Дәріс барысында қазақ әдебиетінің мол мұрасына айналаған Жамбыл, Кенен шығармашылығы жайлы да мол мағлұматтар айтылды. Студенттер назарына ғалымның өміріне, қызметіне, шығармашылығына арнайы түсіндірілген «Мың жылдық жолаушы» деректі фильмі ұсынылды. Көшбасшылық дәріс соңында студенттер өздерін толғантқан сауалдарға жауап алды.

       «Қыздар университеті»  медиа орталығы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті