Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыдағы Халықаралық конференцияда қазақы тазы мен төбетті көбейту мәселесі талқылануда

27.04.2016

Алматыдағы Халықаралық конференцияда қазақы тазы мен төбетті көбейту мәселесі талқылануда

 
       Алматыда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақы тазы мен төбетті сақтап, дамыту» тақырыбында Халықаралық конференция өтіп жатыр.

     Іс-шараның басында ҚР Ұлттық банкі мен «Қазпошта» АҚ тазы мен төбет бедерленген монета мен марканы көпшілік назарына ұсынды. Марка «Төбет-Қазақы ит» қорының жетекшісі Данияр Дәукейдің бастамасымен шығарылғанын айта кеткен жөн.

      Пошта маркасы 11 х117 мм көлемінде, 20 мың данамен ҚР Ұлттық банкінің банкнот фабрикасында басылды. Авторы - суретші Сергей Машев.

        «Қазпошта» АҚ пошталық төлем белгілері басқармасының бастығы Диас Әбілдаев маркаға қатысты түсініктеме бере кетті.

      «Бұл марка бүгін «Қазақ тұқымының иттері» атауымен басылып шықты. Оларды арнайы пошта бөлімшелерінен сатып алуға болады. Марка кіші қағаз, яғни блок түрінде шығарылды. Ол төрт кішігірім маркалардан тұрады. Олардың бағасы - 200, 140, 400 және 60 теңге болып келеді. Жалпы бағасы - 800 теңге», - деді ол.

       Бүгінгі іс-шара ҚР БжҒМ «Зоология институты» РМК және «Қансонар» республикалық Қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.  

        Оған, зоолог-ғалымдар, тазы мен төбеттерді өсіретін мамандар және басқа да мүдделі тұлғалар қатысуда. 

                     http://www.inform.kz/kaz/article/2897600

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті