Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ташкентте халықаралық айтыс өтті

29.04.2016

Ташкентте халықаралық айтыс өтті

     2016 жылдың 27 сәуірінде Ташкент қаласының «Истиклол» Концерт залында 4 мың көрерменнің қатысуымен Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы мен Әлішер Науаидің 575 жылдығына арналған халықаралық айтыс болып өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

        Айтысқа өлең жанрының 14 жас әрі тәжірибелі шебері қатысты. Шара достық, қызықты әрі танымдық ортада өтті, қатысушылар шебер суырып салма өнерін, тапқырлығын таныта білді.

   Аталған мәдени шараның жеңімпаздары: Жарқынбек Наушабеков (бас жүлде, Сарыағаш қаласы); Құлмахан Дүйсенов (1-ші орын, Өзбекстан Республикасы); Анар Жапарқұлова (2-ші орын, Шымкент қаласы); 3-ші орынды Нұрлан Есенқұлов (Шымкент қаласы) мен Біржан Байтуов (Тараз қаласы) өзара бөлісті.

     Айтыстың барлық қатысушыларына Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігі естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар табыстады. Жүлделі орындардың иелеріне ақшалай сыйлықтар берілді.

       http://www.inform.kz/kaz/article/2898343

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті