Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Нью-Йоркте қазақтың ұлттық тағамдары дайындалды

03.05.2016

Нью-Йоркте қазақтың ұлттық тағамдары дайындалды

   
            Қазақстандық аспаздар алғаш рет АҚШ-та өткен ұлттық тағамдар фестиваліне қатысты. Соның аясында шеберлік сабағын да өткізді.

      Аспаздарымыздың қолынан шыққан тағамдар шетелдіктерге ұнаған. Алайда, аспаздарымыз жат жерде ұлттық тағамдарды дайындаймыз деп әбден әбігерге түскенге ұқсайды. Дәмді әрі құнарлы, алуан түрлі қазақтың ұлттық тағамы Нью-Йоркте дайындалды. Қазы-қарта мен жая асылды. Дастарқанға ыстық бауырсақ төгілді. Қазан-қазан қуырдақ та таратылды. Дегенмен, аспаздармыздың бұл сапары сынаққа толы болды.

        «Мұнда айырмашылық жетерлік екен. Тұзы татымсыз, қанты дәмді, бұрышы ащы емес. Ал, ет пен балықтан шөптердің дәмі шығады. Бізде еттің де, балықтың да дәмі басқаша. Біз үшін бастысы ұн болды. Бұл жақтың ұны да басқа. Қиналғанымызды білсеңіздер! Ақырында ұнның бірнеше түрін алып бауырсақ пен шелпек, еттің қамырын илеп көрдік. Тырысып бақтық», - дейді СІМ бас аспазы Елмұрат Ысқақов.

        Аспаздарымыз мұхит асып алыста жүрсе де, тамақтың бірнеше түрін ұсынды. Дастарқан асқа толды. 

        «Бүгін 8 түрлі ыстық, 12 салқын тамақ, салаттың 4 түрін ұсындық. Ет, қуырдақ, сірне, ысталған қозының еті, бекіре тартылды. Құрт, жент, ірімшік те болды. Осы ірімшікпен қиналдық. Сүттің іріп, сосын оның бірігуі қиын болды», - дейді Астанадағы «Шатуш» мейрамханасының бас аспазы Жанна Байсалбаева.

         Аспаздарымыздың еңбегі қайтты. Шеберлік сағатқа келгендердің барлығы тіл үйірер дәмнен аузы тиді, ұлттық тағамды тамсана жеді, деп жазады 24.kz.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті