Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Университет Аруы – 2016» анықталды!

03.05.2016

«Университет Аруы – 2016» анықталды!

      Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 29 сәуір күні «Университет Аруы-2016» байқауы болып өтті. «Ақылына көркі сай», білімді де өнерлі, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін жетік білетін сұлулар сайысына сайдың тасындай іріктеліп, 8 студент қатысты.

      Үлкен жоба, арнаулы жарысқа төрағалық еткен әділқазылар алқасында Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор Зәуреш Сабырова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева, ҚР Мәдениет қайраткері, хореограф Бану Тұрғымбаева, продюсер, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының бас маманы Талғат Төлебаев, «Қазақ Аруы – 2012» сұлулық байқауының Гран при иегері Айғаным Самбай, жас әнші Әлия Әбілқайыр, әнші Дидар Кәден, «Базар жоқ» театрының актері Асқар Көмекбаев сынды білікті, жан-жақты сала иелері төрағалық етті.

       Сайыста сұлулар 4 номинация бойынша бақ сынасты. Әуелі – «өзін-өзі таныстыру». Мұнда қатысушылар қазақ эстрадасы әншісінің қолдауымен арнайы бір композиция көрсетеді. Екінші бөлім – «Өнерлі өрге жүзер». Кез келген сайыскер не ән айтады, яки би билейді немесе монолог оқиды. Келесі айналым – «Сұрақ – бізден, жауап – сізден». Яғни, арулар ситуациялық-танымдық сұрақтарға жауап беріп, өздерінің әр саладан хабардар, білімді екенін дәлелдеу керек. Бұл өте тартысты өтті. Соңғы төртінші түрі – «Мен қазақ қыздарына қайран қалам!» деп аталады. Бұл бөлімде арулар заманауи үлгіде киініп, сұлу да, сымбатты болуымен қатар, сахнада кәсіби түрде жүріп өтуі тиіс болды.        

     Байқауға қатысушы студент-жастар талапты да, талантты болды. Олардың бірі нағыз актрисалардай беріліп өлең оқып, рөлге енсе, екіншісі мың бұрала биледі. Енді бірі цирк мамандары тәрізді от шашуды қолымен айналдырып, түрлі әдіспен ойнатып шықты. Тағы бір қатысушы еш қорықпастан мекеменің төбесіне пара-пар биіктікте орындықтың көмегімен көтеріліп, кері рет-ретімен түсіп шықты. Сондай-ақ, қазақ эстрадасының әншілері Әбдіжаппар Әлқожа, «Қыран тобының» әншісі Ақылхан Әуелбековпен ән шырқап, көрерменге керемет көңіл-күй сыйлаған қатысушылар да болды.

      Бар өнерлері мен білімдерін ортаға салып, түрлі деңгейден өтіп, жеңіске жеткен аруларымыз өз деңгейінде бағаланды. 3-орынды Жаратылыстану факультетінің студенті Ләйла Алшынбек иеленсе, 2-орынға Физика-математика факультетінің студенті Айсұлу Нұртазақызы лайық деп табылды. Жүлдеді 1-орынды Педагогика және психология факультетінің студенті Назерке Алиақпарова алды. Ал, Гран-При иегері, «Университет аруы – 2016» байқауының тәжі Нұрай Әсетке бұйырды. Жеңімпаз ару Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінде оқиды.

       «Қыздар университеті»  медиа орталығы 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті