Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Бакуде Әзірбайжандардың IV Әлемдік съезі өтеді

04.05.2016

Бакуде Әзірбайжандардың IV Әлемдік съезі өтеді

   

    Әзірбайжан елінің астанасында 3-4 маусым күндері Әзірбайжандардың  IV Әлемдік съезі  болады. Онда Түркі Тілдес Елдердің Ынтымақтастық Кеңесіне мүше-мемлекеттердегі диаспоралық ұйымдардың ынтымақтастығын ары қарай нығайту мәселесі қаралмақ. Сондай түркі әлемінің бірлігі идеясын насихаттау және идея мен шараларды жүзеге асыру жайы талықыланады деп жоспарлануда. Съезд жұмысы кезінде Әзірбайжан Республикасының құзырлы мемлекеттік мекемелерінің жетекшілерінің қатысуымен кездесулер өткізілмек.

    Бұл шараға Әзірбайжан Республикасының Диаспоралар ісі жөніндегі комитеті төрағасы Н.Ибрагимов Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевты Құрметті қонақ ретінде қатысуға шақыру жолдап отыр.  

     Қазіргі таңда Қазақстанда 100 мыңнан астам әзірбайжан ұлысының өкілдері бар. Олардың үштен бірі Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады.   Үлесі жағынан одан кейін Жамбыл, Маңғыстау, Алматы облысы тұр. Әзірбайжандар саны жағынан өзге ұлыс өкілдері арасында Қазақстанда алғашқы ондықта тұр.

        Сурет авторы: http://e-history.kz 

        Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті