Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Әуезов театрында «Лир патша» болады

04.05.2016

Әуезов театрында «Лир патша» болады

        Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында мамыр айының 7, 17 күндері У.Шекспирдің «Король Лир» пьесасының желісі бойынша «Лир патша» трагедиясы сахналанады.

    Аударған – Ә.Кекілбаев. Сахналық нұсқа – М.Омарова. Қоюшы-режиссері – Е.Нұрсұлтан. Қоюшы-суретші – Т.Есімбаев. Музыкамен көркемдеуші – Е.Есенбаев. Режиссердің көмекшісі – С.Гениярова.

      Шекспирдің атақты трагедиясының бұл нұсқасында  негізгі оқиғалар тақталас; ұрпақтар арасындағы қарама-қайшылықтар, яғни  өнердегі классикалық тақырыптардың бірі – әкелер мен балалар қарым-қатынасы төңірегінде өрбиді. Бүкіл елін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Лир патшаның ақыры неге бұлай болды?  Адам бойындағы махаббат пен ғадауат, адалдық пен  сатқындық,  риясыздық пен ашкөздік тайталасы салқынқанды зерделенетін қойылым авторлары бұл сауалға көрермендерімен бірлесе отырып жауап іздейді…

     Рольдер мен орындаушылар:

Лир патша – Д.Ақмолда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Гонерилья – А.Сатыбалдиева, А.Сайлауова

Регана – Ж.Жанаманова, Ж.Мақажанова

Корделия – Д.Үсенова, А.Өмірова

Кент – Ж.Маханов, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Е.Бектасов

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті