Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Чехияда қазақ киносының апталығы өтеді

04.05.2016

Чехияда қазақ киносының апталығы өтеді

 
          Биыл қазанда Чехияда қазақ киносының апталығы өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов мәлім етті.

       «Биылдың қазан айында  Прагада қазақ киносының апталығын өткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін біздің «Қазақфильм» киностудиясымен үнемі байланыстамыз. Осы ретте Чехия қоғамына біздің жаңа туындыларды, еліміздің тарихы туралы фильмдерді, қазіргі заманғы ленталарды ұсынбақпыз. Атап айтқанда, апталықта көрсетілетін туындыларды іріктедік, алайда нақты бекіткен жоқпыз», - деді С. Әбдікәрімов.

      Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанның кинорежиссерлері Чехияда өтетін фестивальдер туралы жақсы біледі және осы шараларға жиі сапарлап тұрады. Жалпы, Чехия әлемдік киноиндустрияға өзіндік үлесін қосып отырған ел ретінде мойындалды. 

        http://www.inform.kz/kaz/article/2900017

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті