Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Моңғолиядағы қазақ генералы құрметпен еске алынып, рухына тағзым етілді

12.05.2016

Моңғолиядағы қазақ генералы құрметпен еске алынып, рухына тағзым етілді

         Моңғолияның астанасы – Улан-Батор қаласында Моңғолияның атақ­ты қазақ ұшқышы, Моңғолия әуе күш­терінің бас қолбасшысы, генерал-майор Мүдәріс Зайсановты еске алуға арналған шара өткізілді. Оны Қазақстанның Моңғолиядағы елшілігі Отан қорғаушы күніне орай ұйымдастырды.

Шара батырдың бейітіндегі құлпы­тасқа гүл шоқтарын қоюдан басталды. Рәсімге Қазақстан Респуб­ликасының Моңғолиядағы елшісі Қалыбек Қоб­ландин, Моңғолия Парламентінің депутаттары Тілейхан Алмалық, Бәкей Ағыпар, жазушы, Моңғолияның белгілі қоғам қайраткері Сұлтан Тәукейұлы және Моңғолияның еңбек сіңірген ұшқышы, отставкадағы подполковник Тәштуан Төтейұлы қатысты.

Мүдәріс Зайсанов – Моңғолия қарулы күштерінде қызмет атқарып, генерал-майор дәрежесіне дейін жеткен. Ол 1910 жылы қазіргі Шығыс Қазақ­стан облысына қарасты Зайсан өңірін­де туған. Ал 1920 жылдары оның 10 жасында ата-анасы Моңғолияға қоныс аудар­ған. Болашақ даңқты ұшқыш 1932 жылы Орынбор ұшқыштар даярлайтын училищесін бітірген. Ол екінші дүние­жү­зілік соғыстың алдында Халхин-Гол шайқасына қатысып, теңдессіз ерлік­тің үлгісін көрсеткен. Осы үшін Моң­ғолия мен Кеңес Одағының ең жоғарғы наградаларының бірі – «Қызыл ту» орденімен марапатталған. Ал 1942 жылы генерал-майор шенінде Моңғолия Әуе әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалған.

Генерал Мүдәріс Зайсанов 1967 жылы 57 жасында Улан-Батордың әскери госпиталінде қайтыс болған.

 Мұрат АЙТҚОЖА

 https://egemen.kz/2016/05/10/39169

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті