Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Eр Жәнібек кубогі» үшін шағын футболдан халықаралық турнир өтіп жатыр

21.05.2016

«Eр Жәнібек кубогі» үшін шағын футболдан халықаралық турнир өтіп жатыр

    Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Зуқа батыр Cәбитұлының 150 жылдығына  aрналған «Eр Жәнібек кубогі» үшін шағын футболдан халықаралық турнир өтіп жатыр.   Оған Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Иран, Түркияч және Франция елінен  24 команда қатысып жатыр. Турнир жеңімпаздары 22 наурызда белгілі болады. 

       Зуқа батыр Cәбитұлы (1866-1929)  – ХХ ғасырдың басында Шынжаңдағы қазақтардың байырғы қонысы Алтай аймағына Қытай билігі тағайындаған (қосымша қорғаныс елшісі) аймақтық әкімшіліктің озбыр басшыларына, халықты қанаған ұлықтардың зорлық-зомбылықтарына қарсы шығып, Қытайдағы қазақтардың ұлт-азаттық көтерлісін бастаған алғашқы батырлардың бірі. 1929 жылы күрескер Зуақа батырды қытайдың жазалаушы әскерлері қапыда ұстап, қастандықпен өлтіреді. Бірақ, Зуқа батыр есімі, ол бастаған ұлт-азаттық көтерлісінің рухы бүгінгі тәуелсіз елдің ұрпақтарының мақтанышына айналып отыр. 

           

     Шағын футболдан өтетін халықаралық турнирдің мақсаты –  Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейде атап өту, қазақ жастарын рухты болуға, Отан сүйгіштікке, спортқа баулу. Футбол жарысына Франция, Түркия, Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде тұратын қазақ жастарынан құралған командалар, сондай-ақ, Алматы, Астана қалаларынан, еліміздің 5 облысынан жасақталған футбол командалары бақ сынайды. Турнирде жалпы саны 24 команда қатыспақ.

     Ұйымдастырушы: «Eр Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры

    Қолдаушылары: Алматы қаласының әкімдігі, Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығы, «Нұр Отан» партиясы, «Жезбұйда» жастар қоғамдық бірлестігі.  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті