Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қытай қазақтарының «Мұзтау» футбол командасы «Ер Жәнібек» кубогын өздерінде сақтап қалды

23.05.2016

Қытай қазақтарының «Мұзтау» футбол командасы «Ер Жәнібек» кубогын өздерінде сақтап қалды

    Алматыда 21-22 мамыр күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Зуқа батыр Cәбитұлының 150 жылдығына aрналған «Eр Жәнібек кубогі» үшін шағын футболдан халықаралық турнир өтті. Оған Қазақстаннан және Қытай, Өзбекстан, Иран, Моңғолия, Ресей, Түркия және Франция елдерінен 20-дан астам команда қатысты.

        

     Жарыстың ашылу рәсімінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, «Ер Жәнібек»  халықаралық қорының құрметті төрағасы Мақсұт Темірбай мен қор президенті Деңіс Түркия құттықтау сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.         

     Жарыстың алғашқы күні іріктеу сайыстары өтіп, келесі күні финалдық ойындар болды. Онда Қытайдан келген «Мұзтау» командасы жеңімпаз атанып, алғашқы турнирде жеңіп алған өз атақтарын сақтап қалды. Одан кейінгі жүлделі 2-3 орындарды Алматы қаласының «Бірлік-Керуен» мен  Ресейдің Омбы облысынан  келген «Намыс» командасы иеленді.      

      Дәстүрлі бұл турнир биыл «Ер Жәнібек»  халықаралық қорының ұйымдастыруымен және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, Алматы қаласының  әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы мен «Жезбұйда» жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өтті. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті