Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Сұлтанәлі Балғабаев 70 жаста

24.05.2016

Сұлтанәлі Балғабаев 70 жаста

     Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, белгілі жазушы-драматург және қоғам қайраткері Сұлтанәлі Базарбайұлы Балғабаев 21 мамыр күні 70 жасқа толды. Осыған орай бүгін Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұжымы мерейтой иесін құттықтады. 

    Төрағаның бірінші орынбасары Талғат Мамашев қауымдастықтың 1992 жылы құрылған кезінен бері үздіксіз  қызмет атқарып, оның өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан С.Базарбайұлының мерейтойлық шаралар алдағы уақытта Алматы қаласында және Қызылорда облысында кең көлемде атап өтілгелі отырғанын жеткізді.  Бұл істен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы шет қалмай, оның бел ортасында жүрмек. Қайраткер қаламгердің өмір жолына үңілсек:

  • 21 мамыр 1946 ж. «1-май» ауылы, Сұлутөбе ауылдық округі, Шиелі ауданы, Қызылорда облысында туған.
  • 1964-1966 ж. «1-май» кеңшарында  аға  шопан
  • 1966-1971 ж.  Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің студенті
  • 1971-1976 ж. «Білім және еңбек» журналының бөлім меңгерушісі 
  • 1976-1985  ж. «Жалын» баспасының бөлім меңгерушісі
  • 1985 -1996,  2003-2005 ж.  Ғ. Мүсірепов атындағы  жастар мен балалар театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі
  • 1992 жылдан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының орынбасары
  • 2002 жылдан «Алтын бесік» журналының бас редакторы
  • 2008 жылдан Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының курс жетекшісі, профессор

           Қоғамдық қызметтері:

  • Қазақстан Жазушылар одағының  мүшесі,  Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы, Драматургия кеңесінің төрағасы
  • «Нұр Отан» партиясы жанындағы  мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшесі
  • Қазақстан Театр қайраткерлер одағының төралқа мүшесі
  • Қазақ ПЕН-клубының басқарма мүшесі.
  • Қазақ авторлар қоғамы Кеңесінің мүшесі

 Шығармалары:

    Кітаптары: «Көктем тынысы» (жинақ), «Тұңғыш», «Жұлдызың жансын!», «Алтын сағым», «Құм мен қызғалдақ», «Шөл», «Дала мен дария»,  «Красная гармонь», «Цветы и камень» (жинақ), «Сыр мен Сарысу», «Ғажайып көктем», «Қазақтың қызыл кітабы», «Ең әдемі келіншек»,  «Біз де ғашық болғанбыз», «Алаш тарихының ақиқаты» (жинақ, 2-том), «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы -15 жыл» (жинақ), «Елу жыл өткен соң» (жинақ).

  • Пьесалары: «Қыз жиырмаға толғанда», «Қазақша күрес», «Ең әдемі келіншек», «Біз де ғашық болғанбыз», «Әйелдер әлемі»,  «Тойдан қайтқан қазақтар», «Ғашықсыз ғасыр», «Сағыныш пен елес»,  «Өтірік айтпайтын адам», «Бостандық алар күн туса», «Қыл үстіндегі ғұмыр»,  «Ой бөлістім халқыммен» (радиопьеса), «Мәңгілік махаббат әні», «Жұлдызың жансын, жаным!», «Мико, Жымбала және қасқыр», «Менің әжем - сиқыршы», «Айпадтан шыққан алтын сақа», Марк Камолетти «Отбасы ойыны» (аударма).
  • Публицистикалық мақалалары: «Қызыл кітапқа кіретін халық» (1991) «Театр тағдыры – ұлт тағдыры» (1989), «Еншіміз бөлінбеген ел едік» (1989),  «Жазушы болған обалың өзіңе» (1991), «Қазақтың басын қоссақ деп...» (1993), «Қазыналы көштің қадірін білейік» (1993), Қазақ үкіметіне қазақ әдебиеті керек пе?» (2007), «Қазақтың қызыл кітабы-2» (2010), «Жолайрықта тұрған көш» (2014), «Қайда барасың, қазақ театры» (2015), «Кітабымыз оқылмаса, кімді кінәлаймыз?» (2016) т.б.

 Марапаттары:

  • «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2013)
  • «Құрмет» ордені (2007)
  • ҚР Президентінің Алғыс хаты (2011)
  • халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығы (2008)
  • Қазақ ПЕН-клубы сыйлығы (2013)
  • «Қазақстан Республикасына  10 жыл»,  «Қазақстан Республикасына  20 жыл»,   «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан халқы ассамблеясына – 20 жыл»,  «Қызылорда облысына - 70 жыл», «Қазақ хандығына – 550 жыл», «Мұстафа Шоқайға – 125 жыл», «Нартай Бекежановқа – 125 жыл» мерекелік медальдері
  •  Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» (2009).

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті