Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Қазақ елі» мультфильмі көрерменге жол тарты

24.05.2016

«Қазақ елі» мультфильмі көрерменге жол тарты

    «Қазақ елі» толықметражды тарихи анимациялық фильмі 19 мамырдан бастап көрерменге жол тартты. Оны қазақстандықтар мен шетелдік қонақтар кинотеатрлардан тамашалай алады. Фильмді түсірген «САҚ-дала» киностудиясының директоры Нуриддин Паттевтің айтуынша, енді олар туындының шет елдердегі көрсетілімі бойынша Ресей мен АҚШ (Голливуд) компанияларымен келіссөз жүргізіп жатқан көрінеді.

      «Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап түсірілген бұл туынды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша жасалды. Оны дайындауға 40-қа жуық аниматор тартылды. Кейіпкерлердің сөзіне жазушы, кинодрамтург Дулат Исабеков, ал ондағы тарихи оқиғаларға тарихшы Жамбыл Артықбай кеңесшілік жасады»,  – деді  БАҚ өкілдеріне арналған көрсетілімде фильм режиссері Батырхан Дәуренбеков.

      Жазушы, кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетовтың   сөзіне қарағанда, «Қазақ елінің» көрермені тек балалар ғана емес, 20 жасқа дейінгі бозбала мен бойжеткендерді  де қамтиды. Голливуд АҚШ-тың өз тарихы болмағандықтан өзгелелердің  тарихын түсіріп, кино жасайды. Қазақтың қазіргі аға буыны тарихты жетік білмесе де, ата-әжелерінің ертегісі мен халықтың эпостық жырлары арқылы тәрбиеленді.  Ендігі ұрпақ Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құрғанын мектепке бармай-ақ біле алады.

      Өткен заман мен бүгінгі кезеңді байланыстыра отырып, жас ұрпақты отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеуде мұндай туынжылардың қосар үлесі қомақты екені күмәнсіз. Өкінішке орай елімізде әлі күнге дейін бірде-бір балалар киностудиясының жоқтығы бұл бағыттағы атқарылатын жұмыстардың әлі жеткілікті екенін көрсетеді.  Оны Қазақстандағы толықметражды анимациялық фильмінің  соңғы рет бұдан 5 жыл жасалғанынан да аңғаруға болады.

      Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті