Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | ҚР Ұлттық банкі «Көркем гимнастика. Олимпиада ойындары 2016» ескерткіш монетасын шығарды

25.05.2016

ҚР Ұлттық банкі «Көркем гимнастика. Олимпиада ойындары 2016» ескерткіш монетасын шығарды

           

      Қазақстанда 2016 жылғы 24 мамырдан бастап «proof» сапасымен номиналы 100 теңгелік «Көркем гимнастика. Олимпиада ойындары 2016» ескерткіш күміс монетасы айналымға шығарылды. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

       Монетаның бет жағының (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесінің қоршауында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, монета дайындалған металды, оның сынамасын және массасын білдіретін «Ag 925  20 g» деген жазба және соғылған жылын білдіретін «2016» деген жазу бейнеленген. Сол бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 TENGE» деген жазу, ал жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бар. Монетаның жиегінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп ойылып жазылған жазба орналасқан.

       Ал монетаның сырт жағының (реверсінде) орталық бөлігінде түрлі-түсті стильдендірілген лентаның аясында көркем гимнастика бойынша сайыс сәтіндегі спортшы қыз, екі шоқпар таяқ және Олимпиада ойындарын өткізу жылын білдіретін «2016» деген сан бейнеленген. Айналдыра ағылшын тілінде «OLYMPIC GAMES» деген ойылған жазба орналасқан.

        Монетаның беткі және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

     Қыры (гурты) бедерлі. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 20 гр, диаметрі - 37 мм, дайындау сапасы - «proof», ең көп таралымы - 3 мың дана. Монеталардың түс бойынша шешімі  тампобасу технологиясы арқылы орындалған.

       «Номиналдық құны 100 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Монеталар дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы  25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі - ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген», - делінген хабарламада.

        Айта кетелік, «Proof» сапасымен жасалған ескерткіш күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық орамамен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

        Монетаны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ ҚРҰБ-ның www.nationalbank.kz  сайтының «Ұлттық валюта» парақшасындағы Интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады. 

        

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті