Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Жайна Шекербекова Олимпиада жолдамасын ұтып алды

25.05.2016

Жайна Шекербекова Олимпиада жолдамасын ұтып алды

     51 келі салмақта өнер көрсететін Қазақстан құрамасының боксшысы Жайна Шекербекова Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, "Рио-2016" Олимпиадасының жолдамасына ие болды. 

    Ширек финалда ол неміс боксшысы Азиза Ниманиді 3:0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, қыздар құрамасында екі Олимпиада жолдамасы бар. Жалпы Қазақстан қоржынында 83 жолдама бар.

     Айта кетейік, әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан боксшыларының сапынан Назым Қызайбай (48 келі), Дина Жоламан (54 келі), Айжан Қожабекова (57 келі) мен Валентина Хальзова (69 келі) шыққан болатын. Өкінішке орай, 64 келіде өнер көрсететін Зарина Цолоева жеңіліс тапты.

       Еске сала кетейік, бұл күндері Астанада әйелдер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Олимпиада жолдамалары ойнатылуда.  

      kaztrk.kz

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті