Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | ҚСЗИ әлемдегі үздік 100 орталықтың қатарына енді

26.05.2016

ҚСЗИ әлемдегі үздік 100 орталықтың қатарына енді

       
         Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қорғаныс пен қауіпсіздік саласында әлемдегі үздік 100 орталықтың қатарына енді, деп хабарлады 24.kz.

        Мұндай жоғары бағаны институтқа бүкіл әлемдік саралау және рейтингті бақылау орталығы беріп отыр. Арнайы марапатты Пенсильвания университетінің Азаматтық қоғам және сараптау орталығы бағдарламасының директоры Джеймс Макганн табыстады. 
       Рейтинг жоғары оқу орнының зерттеуі бойынша анықталады. Білікті мамандар 1989 жылдан бері әлемдік саралау орталықтарын зерттеумен айналысып келеді. Қазақстан стратегиялық зерттеу орталығы былтыр да Орталық Азияда үздік үштікке енген болатын. 
       - Бұл көрсеткіштер біз үшін өте маңызды. Өйткені бірлескен жобаларды саралап, іске асыру үшін орталықтар беделді серіктес іздейді. Бұл ретте медиа саласында өзіндік орның болу керек. Мысалы біз былтырғы рейтинг бойынша төрт аталымда алдыңғы қатардан көріндік. Бұдан кейін әріптестікке деген сұраныс та артты, - деді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті