Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Еліміздің тұрақты дамуындағы шетелдік тыңдаушыларды жаңа ортаға бейімдеудегі жоғары оқу орнына дейінгі білім берудің рөлі

26.05.2016

Еліміздің тұрақты дамуындағы шетелдік тыңдаушыларды жаңа ортаға бейімдеудегі жоғары оқу орнына дейінгі білім берудің рөлі

     Алматыда 25 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университетінің «G-Global» интерактивтік алаңында «Еліміздің тұрақты дамуындағы шетелдік тыңдаушыларды жаңа ортаға бейімдеудегі жоғары оқу орнына дейінгі білім берудің рөлі» атты онлайн конференция өтті. Оны Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ұйымдастырды.

    Бұл онлайн видеоконференцияның мақсаты отандық, шетелдік ғалымдар, оқытушылар мен мамандар арасында еліміздің тұрақты дамуындағы шетелдік тыңдаушыларды жаңа ортаға бейімдеудегі жоғары оқу орнына дейінгі білім берудің рөліне қатысты өзекті мәселелерді талқылау және осы мәселелерді шешудің жолын қарастыру болатын. Конференцияға Ауғанстан Ислам Республикасының Ибн-Сина атындағы университеті мен отандық ғалым-ұстаздар қатысты.

     Видеоконференция барысында шетелдік тыңдаушыларды жаңа әлеуметтік-мәдени ортаға бейімдеуге қатысты көкейтесті мәселелер қарастырылды. Қазақстан және Ауғанстан елдеріндегі үздіксіз білім беру жүйесі мен оқыту әдістемесі туралы пікір алмасты. Ауғанстан тарапынан біздің факультеттің ЖОО-ға дейінгі дайындық курсын оқыту жүйесіне қызығушылық танытып, осы мәселеге қатысты сұрақтар қойды. Сұрақтарға факультеттегі ауған тыңдаушыларының аға кураторы, филология ғылымдарының кандидаттары Г.Тастемірова, кафедра меңгерушісінің  орынбасары, Ж.Ибраимова және кафедра меңгерушісінің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметі жөніндегі орынбасары Р.Т.Наралиева, АИР 4-топтың куратор-эдвайзері Г.Сапаева жауап берді. Конференция жұмысы қазақ, орыс, парсы тілдерінде жүргізілді. Онда екіжақты байланысты одан ары қарай жалғастыра түсу туралы ұсыныстар айтылды.

     Ж. Ибраимова, Р.Наралиева ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары   

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті