Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Ұлы Дала ойындары» фестивалі өтеді

27.05.2016

«Ұлы Дала ойындары» фестивалі өтеді

    Алматы қаласында 28 мамырда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойлары қарсаңында және «Спорттық Алматы» бағдарламасын дамыту мақсатында ұлттық спорт түрлерінен Республикалық «Ұлы Дала ойындары» фестивалі өтеді. 

        Республикалық «Ұлы дала ойындары» жобасының басты мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясының іс жүзінде орындалуына ат салыса отырып, халқымыздың байырғы спорт ойындарын дамыту және халықтар арасындағы ынтымақ пен бірлікті бекемдеу.

        Республикалық «Ұлы дала ойындары» жобасында ұлттық спорттың 8 түрі бойынша жарыс өткізіледі. Атап айтқанда, 25 шақырымдық аламан бәйге, көкпар сайысы, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық ату ойыны, жамбы ату түрлерінен бәсеке ұйымдастырылса, осы мерейлі мерекенің көрермендері іс-шара барысында қолына құс қондырған құсбегілердің де еркін қимылын тамашалай алады.

        Республикалық «Ұлы дала ойындары» жобасына қатысатын командалар да үлкен сыннан өтіп, осы дүбірлі додаға жолдама алып отыр. Қазақ елінің тұңғыш астанасы атанған Орынбор қаласының, екінші астанасы Қызылорда қаласының, сондай-ақ, қазіргі таңда бұқара арасында «Оңтүстік астана» атауымен мәлім Алматы қаласының, қазіргі елордамыз Астана қаласының құрама командалары қатысады.

         Республикалық «Ұлы дала ойындары» фестивалін ұйымдастыруды Алматы қаласының әкімдігі мен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бірлесіп қолға алды. 

        Baq.kz

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті