Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Талғат Мамашев «Ұлы дала ойындарына» қатысатын Орынбор қазақтарын қабылдады

27.05.2016

Талғат Мамашев «Ұлы дала ойындарына» қатысатын Орынбор қазақтарын қабылдады

      Алматыда 27 мамыр күні Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев 28 мамырда болатын «Ұлы дала ойындарына» қатысатын Орынбор қазақтары делегациясының жетекшілерін қабылдады.      

    Орынбор қазақтарының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясы Президенті міндетін атқарушы Әміржан Түлебаевтың сөзіне қарағанда, онда 150 мыңнан астам қазақ тұрады. Олар аймақтың қоғамдық, саяси, экономикалық, ғылыми,  мәдени және спорттық өмірінен өз орнын тапқан.

     Ал автономияның жастар ұйымының белсендісі Дария Субханкулованың айтуынша,  Орынбордың қазақ жастары арасында да түрлі мәдени, спорттық шаралар жиі өткізіліп тұрады. Олар түрлы аймақаралық және бүкілресейлік қазақ жастары арасында өткізілетін түрлі жиындарға белсенді түрде қатысып жүр.

         Кездесу барысында Т.Мамашев Қазақстанның және әлемнің өзге елдеріндегі қазақ диаспоралары арасындағы өзгерістер мен алдағы уақытта өтетін іс-шаралардың жоспарымен таныстырды.  Сондай-ақ қонақтарға Орынбор қазақтарының кітапхана қорын жаңа әдебиеттермен толықтыру үшін түрлі кітаптар сыйлады. 

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті