Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ғалымның мерейі тасыған күн

30.05.2016

Ғалымның мерейі тасыған күн

      Алматыда 27 мамыр күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде физика-математика факультетінің, математика кафедрасының ардақты ұстазы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қасқатаева Бақытгүл Рахымжанқызының 70 жасқа толуына арналған мерекелік кеш болып өтті.

         Қазақтың белгілі ғалым қызының мерейтойына арналған кешке университет ұжымы мен  басшылығы, факультет деканы мен оқытушылары,  белгілі ғалымдар мен мерейтой иесінің шәкірттері, курстастары мен сыныптастары, сондай-ақ әріптес достары қатысты.

       Кеш шымылдығын Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректор Зәуреш Сабырова ашып, Бақытгүл Рахымжанқызын «Құрмет белгісі» төсбелгісімен марапаттап, қазақы дәстүр бойынша иығына зерделенген шапан жауып, гүлшоғын табыс етті.

       «Сіз осы кемел жасқа тың жігер, жарқын көңіл. Үлкен жетістікпен келіп отырсыз. 48 жыл ұстаздық қызметіңізде  жоғары математиканың барлық салаларынан дәріс оқып, практикалық және лабораториялық сабақтарды жоғары ғылыми-әдістемелік дәрежеде жүргіздіңіз. 2007 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атандыңыз. Ресей жаратылыстану академиясының (РАЕ) Корреспондент мүшесі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының (МАИН) академигісіз. Ғылыми еңбектеріңіз үшін 2015 жылы  Европаның «EUROPEAN  QUALITY» алтын медалімен, Ресей жаратылыстану академиясының «LABORE ET SCIENTIA -ТРУДОМ И ЗНАНИЕМ» және  «PRIMUS INTER PARES - ПЕРВЫЙ СРЕДИ РАВНЫХ»   ордендерімен марапатталдыңыз. Бұл жетістіктердің барлығы көп жылғы еңбегіңіздің жемісі», деді З.Сабырова. 

       Өзінің бар ғұмырын елінің еңселі істеріне, халқының келешегі мен ұрпағының тәрбиесі мен біліміне арнап келе жатқан ұстаз кеш соңында барша тілектес қауымға үлкен алғысын білдірді.

         Шара барысында ұстаз-ғалымның өмірі нен қызметінен сыр шертетін бейне фильм көрсетілді.

           «Қыздар университеті»  медиа орталығы 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті